«Орда» тобы үлкен сахнаға қайта оралмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана жаңа бейнебаянымен камбэк жасаған Дастан Оразбеков сұқбатқа гипспен келді. Алайда, қолы сынған өнер иесінің көңілін бұл нәрсе бұзбақ емес. Өйткені араға тоғыз жыл салып екінші рет әке атанған Дастан «әкелік сезімді осылай ұғып жатырмын», -дейді.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Мына қолды баламмен сындырып алдым ойнап жүріп, балама өзім барып жүр батутқа секірейік деп ақыры «фарыыың» осындай батут болды. Енді 35 ке келіп сүйгеннің иісі бөлек болады құдай-ау. Істеген қылықтарына бұрын қатты көңіл бөлмесең, қазір кәдімгідей сүйсініп, тамсанып тағы істеші деп отырасың.

Шығармашылығына кіріскен өнер иесінің соңғы бейнебаяны желіде қызу талқыда. «Бегімай» әніне таспаланған клип бір аптаның ішінде 62 мыңнан аса қаралым жинап, тыңдарманның оң пікірін иеленіп жатыр. Әсіресе туынды авторы, қырғыз елінің әншісі, марқұм Ақжолтай Қанатбектің жанкүйерлері аталмыш трек үшін алғыстарын жаудырды.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Шығармашылығымен таныс емеспін, бірақ сол әнін естігеннен кейін, басқа да әндерін естідім. Шынымен де талантты адам. Бұл азаматпен шынымен де өмірде дос болып көрмесек те, өнерімен дос болғым келеді.

Оразбековтың жаңалықтары бұл ғана емес. Отандық шоу-бизнеске жаңа леп әкелген «Орда» тобы биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Дастан бастаған ұжым бүгінде қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Алайда, кеште бойзбэндтен өзге, сахна жұлдыздары төбе көрсетпейді.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Қазір жаңа бір әнде жазылды, бейнебаян түсіріледі құдай қаласа жақында және де еліміздің үш қаласында міндетті түрде концерт береміз деп отырмыз. Біз ешкімді шақырмаймыз.

Кезінде «ТТ», «Туркис» сынды топтарға жетекшілік етіп, өзін продюсер ретінде сынаған Дастан мырза бүгінде өзін бұл қызметтен көрмейді.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Жақсы ән келіп қалады ғой, сен де өнер иесісің, енді жақсы әнді өзің де айтқың келіп тұрады. Жақын аралықта кем дегенде 5 жыл мен продюсер болмаймын.

Есесіне, Дастан Оразбеков топтың емес, толықметрлі картинаның продюсері атануға құлықты.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Міндетті түрде. Бірақ енді мен продюсерліктен бетім қайтып қалғаннан кейін кинопродюсер болу тіпті оңай емес.