Мейіржан Төребаевтың жаттықтырушы қызға ғашық болып қалғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз біткеннің түсірілімдерден қолдары босамайтыны белгілі. Бірақ олар сымбаттарын сым тартқандай қалай сақтайды? Бұл жайлы белгілі вайнер Мейіржан Төребаев айтып берді. Актер «жұмысым біте салысымен, спорт залға асығып тұрамын. Бәрі әдемі көрінудің қамы» дейді.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Бос уақыт болса, болды зытам. Кешке дейін сьемка бітсе, сағат онға, сағат алдыға дейін тренажерка ашық, соған барамын. *Білмеймін, жақсы көрем бе, именно тренажеркаға, кросфитке особый махаббатым бар да. Үйде бір махаббатым бар, мына тренажеркада бір махаббат бар.

Ал еңбек пен спортты сүйетін халық әртісінің ұлы Әли Оқаповта артық салмақ бар дегенге кім сенеді? Бірақ бұл шындық. «Бірден бетім толып кетеді» деген әнші, концерттер мен түсірілім кезінде терлеп, тез арықтау үшін де спорт залды жиі жағалайтын болып шықты.

Али Окапов, певец

- Адамдар артық салмағым бар дегенге сенбейді. Қарыным мен қапталымдағы майлар көп кедергісін келтіреді. Бұл енді физика ғой. Қарап қалмай, бәрінен арылу үшін жаттығып жүрмын.

«Сымбатым талай кино іріктеулерден сүрінбей өтуге көмектесті» деген Хазрет Ержанов, жаттығу залына күнінің басым бөлігін арнайтынын жасырмайды. Тіпі жас актер мүсінін қалыпта ұстау үшін үш қағиданы ұстанады екен.

Хазрет Ержанов, актер:

-Ең бірінші ереже, телефонды шкафқа тастап кету керек. Мұнда келіп алып суретке түсіп жүретіндер көп қой. Екінші жаттығу бағдарламасын жөнге салу. Үшінші дұрыс тамақтану.

Отандық шоу-бизнесте шымыр боп естен тандығысы, келісті сымбатымен сұлатқысы, сахнада сән құрып жүргісі келетін әртістер қауымы жетерлік. Бірақ бірі денсаулығын күйттеп спорт жағаласа, енді біріне қымбат көйлегіне сыйю мұң.