Ерке Есмахан, Ләйлә Сұлтанқызы, Әлішер Кәрімов! Шоу-бизнестегі брендқұмар жұлдыздар анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йорк, Милан, Лондонда таныстырылған әйгілі брендтердің сән үлгілері көп ұзамай қазақстандық әртістер үстінен табылса еш таңқалмаспыз! Себебі, отандық шоу-бизнес өкілдері арасында жаңа дерт – брендомания. Атағы асқақтаған дизайнерлердің киімдерін сатып алуға асығатындар көшін Ерке Есмахан бастайды. Желі арқылы Gucci, Louis Vuitton-нан алған әр дүниесін халыққа көрсетіп мақтану, әнші үшін қалыпты құбылысқа айналғандай.

Әріптесімен салыстырғанда, Әлішер Кәрімов тек «Dolce & Gabbana» брендіне таңдау түсіреді. Әйгілі марканың табынушысы атанған ол, әр образы үшін бірнеше миллион теңгелеп қалтасын жұқартуға әзір.

Әлішер Кәрімов, әнші:

- Әне ілініп тұр, киімдерімнің барлығы Дольче Габбанадан. Үш лук дейміз ғой, үш выходқа. Иә, неден аяқкиімнен бастап бабочкаға дейін. Иә барлығы Дольче Габана.

Ал Анара Батырхан шетелдік дизайнерлердің үлгілері тым қымбат екенін мойындайды. Десе де актриса, арасында бар жиған-тергенін қымбат сөмке немесе әшекейге жұмсауды жөн көреді.

Анара Батырхан, актриса, блогер:

-«Louis Vuitton» - нан киінгенді жақсы көремін. Енді көп киім ол жақтан бар деп айта алмаймын, әрине. Бірақ дегенмен де қомақты тұрса да, кейде өзіме сондай сыйлық жасағанды жақсы көрем.

Отандық диазайнерлердің өзі шетелдік әріптестерінің үлгілеріне әуес. Мысалы боманд бас қосқан патидің біріне Аида Кәуменова Louis Vuitton сөмкесімен көзге түскен еді.

Аида Кәуменова, дизайзнер:

- Енді осындай премьераларға қанша ақша жұмсайсыз киіну үшін?

- Мен тікелей жұмыстан келе жатырмын, киінгенім енді өзімнің топтамаларымнан киімді аламын.

– Ал, қазіргі образыңызды қаншаға бағалайтын едіңіз? Сумкаңызды көріп тұрмын өте керемет. Өзіңіздің коллекциядан емес сияқты.

– Иә енді, аяқ киімім, сумкалар ол деген енді, а мен ойлаймын анандай брендовый болу керек.

– Мынау 500 мыңнан арзан болмайды.

Сондай-ақ, қымбат киім десе, ішкен асын жерге қоятындар қатарында Баян Алагөзова, Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан мен Құралай Анарбековалар да бар. Алайда, шоу-бизнестегі кей брендқұмарлар ақшасының аздығынан айла-әрекетке баруға да әзір. Мәселен, Әбдіжаппар Әлқожа «Гуччидің» көшірмесін місе тұтып жүр.

Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:

- Өзім «Gucci»-ді жақсы көремін. Үстімдегі киімді Аида Кәуменова тіккен, бірақ «Gucci»-ге ұқсатып тігіңізші деген өтініш болған.

Брендке құмар әнші бұл қылығынан ешқандай әбестік көрмейді. Қықасы, «Болмасаң да, ұқсап бақ», -дейді Әбдіжаппар.