Лондон сән апталығы қызықтары жалғасып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лондонда шымылдығын түрген сән апталықтың қызықтары жалғасып жатыр! Бүгінде тек топтаманы таныстырып, қарақұрым халықты таңқалта алмайсың. Дәл осыны ұғынған Burberry көрсетілімін музыкалы перфомансқа айналдырды.

Фэшн кеште француздық танымал пианистер – Катя мен Мариэль Лабек, сондай-ақ әнші әрі продюсер Арка сахнадан табылды. Классикалық музыканың сүйемелдеуімен таныстырлыған топтама бұрынғылардан өзгеше. Бұл жолы Burberry бренді ашық-жарқын түстерге басымдық танытқан. Көрсетілімге «Еске алу» деп ат қойған Риккардо Тиши жаңа коллекциясында өткен үлгілерді қайта жаңғыртуға тырысқан.

Ал топтаманы Ирина Шейк, Кендалл Дженнер, Белла және Джиджи Хадид бастаған суперсәнбикелер таныстырса, кешке келген жұлдызды қонақтар да көп болды. Наоми Кэмпбелл, Кейт Бланшетт пен Винни Харлоулар ыстығы басылмаған үлгілерді алғаш болып алуға асықты.

Неон трендтте! Ал кезекті коллекциясын ұсынған Tommy Hilfiger дәл осылай дейді. Әйгілі сән үйі бұл жолы топтамасын спорт жұлдызы Льюис Хэмилтон және «Грэмми» марапатының иегері, әнші H.E.R.-мен бірлесе әзірлеген еді.

Льюис Хэмилтон, автошабондоз:

– Шынымды айтсам, бүгін өмірімде бірінші рет сән сахнасын артқы жағына барып көрдім. Өте қызық екен. Капсулды коллекцияны әзірлеу біз үшін жаңа тәжірибие болды.

Су жаңа топтама жастар сәні мен стрит стайлды негізгі тақырып етіп алған.

«Өзім сахнаға да, күнделікті өмірде де кие алатын үлгілерді әзірлегім келді» - дейді әнші H.E.R.