Сара Амангелді бұдан-былай жалғыз. Әншіні жігіті тастап кеткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші әрі актриса Сара Амангелдінің бұдан-былай басы бос. Бұл жайында арудың өзі желіде арнайы пост жариялады. Өткен жылы өзі түскен «Я люблю тебя» фильмінің тұсаукесерінде сүйіктісін көрсетіп, көпшілікке таныстыруға асыққан бикеш ғашығымен ат құйрығын үзіскен. Жаңа қарым-қатынас бастауға әзір әнші, тіпті дайректегі жеке хаттарды ашуға бел буған.

Батыр Байназаров пен Әсел Жамакаева керісінше, үйленгендеріне 2 жыл толғанын тойлауда! Экс-Аюмилік бикеш Ринголық серінің өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, артынша ата-анасымен таныстырған сәтін еске алды. Бүгінде Батыр мен Әселдің Сальма есімді қызы бар.

Ал Дәурен Айдарқұлов болса, өзінің өтірікші екенін мойындады. «Бойымдағы ең нашар қасиетпен күресу жолындамын», - деп желіде жазба қалдырған актер ащы шындықтан гөрі, аздап алдап қойғанды жөн көреді екен. Актердің пікірінше, пайдалы өтіріктің де зияны бар. Сондықтан ол осы әдеттен арылу үшін барын салмақ.