Айсара Бисенова, @ais.tv:
- Айқын Төлепберген 38 жаста! Қазақ шоу-бизнесінің танымал әншісі өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтіп жатыр! Оған қоса, эстрада жұлдызы өзінің су жаңа бейнебаянның тұсауын кеспек! Менде дәл осы кештің қадірлі қонағы атандым! Birthday Party-дің қызықтарына бірге куә болайық!
Бұл кешке өнердегі әріптестері мен ет жақындарын жанына жинаған Айқын, құттықтаудың астында қалды. Әр туған күнін ерекше атап өтетін өнер иесі бұл патиді де қызықты форматта ұйымдастырған. Тұсаукесер мен КВН майталмандарының әзілдері бұл кештің бір бөлігі.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Айқын туған күніңіз құтты болсын! 38 жасқа толып жатырсыз! Көңіл-күйіңіз қалай?
- Қөңіл-күй бүгін күшті, ертең жаман болатын шығар. Ертең 38-де боламын да уже. Бүгін пока 37-демін да.
- Бірақ мен сізге қараймын да 38-ге толмаған сияқтысыз, жас көрінесіз, мұның бір құпиясы бар ма?
- Енді ол генетикаға байланысты, еңбекқорлыққа байланысты, тамақ аз жеу керек, косметологқа бару керек, денсаулықты күту керек и Жұлдыз.
- Жұлдыз не істейді сонда?
- Бірдеңке істейді ғой. Жасартады мені.
Қуанышында әріптес-достарын қасына жинаған Айқын, кеште тырнақалды комедиясының трейлерін ұсынды. Еске салсақ, туған күн иесі биыл алғаш рет кинопродюсер атанған еді.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Фильм түсіру оңай дүние емес, сіз продюсер болып жатырсыз. Жаңа рөліңіз қандай, фильм түсіру деген қиын болды ма?
- Киноны негізі ұйымдастырып түсіру ондай қиын емес, себебі команда жақсы болды. Ең қиыны сценарий, қызықты история.
-Бізде бір қазақстандық продюсер миллиардер атанып жатыр, сондай кассалық табыс болады деп ойлайсыз ба?
-Кім біледі, оның жартысына жетсек де жақсы ғой. Хотя бы 500 миллион жетеді. Көрерменнің көңілінен шығып, ол көрермен саған сеніп, ертең келесі киноңды түсіргенде кәдімгідей жақсы көңіл-күймен сол киноға келсе.
Туған күн кешінде шоу-бизнестің ақсақалы ретінде бірінші болыпсөз алған – Ерік Тастембеков. Еске салсақ, продюсер Айқынның өнердегі алғашқы жетекшісі.
Ерік Тастембеков, продюссер:
-Қазір салыстырсақ Айқынды. Бұрынғы Айқын, қазіргі Айқын әртіс ретінде өсті ма?
- Әрине, ол сөзсіз. Мен Айқынмен 9 жыл бойы бірге жұмыс ісстедім. Ол әрдайым шыңдалуға дайын. Менен жеке кетсе де, әр концертіне барып, әрдайым мақтанып отырамын.
Алайда кеш қонақтары, Айқынның өмірі мен өнеріне қатысты қарапайым сұрақтарға жауап бере алмай ұятқа қалды. Мәселен, оның кей әріптестері Төлепбергеннің нешеге келгенінен бейхабар.
Кента, әншіл:
- Досыңыз қаншаға толып жатыр?
- Досым ба? 35 ке.
- Шынымен білмейсіз ба?
- Жоқ білем, 40-қа!
Очоу, әнші:
-Ол 34-те!
Жеңісхан:
-Жыл сайын әкелетін сыйлық ақша.
-Қанша?
-Жетеді.
Қайрат Құдайберген, кәсіпкер:
- Конверт. Ең күшті сыйлық менің ойымша конверт. Бірақ ақшасы жоқ ішінде. Сертификат костюмге.