«Ayumi» тобы сахнаға қайта орала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Украинаны тамсандырған тағы бір талант! «Голос» шоуында топ жарған кезекті отандасымыздың есімі – Нұрсұлтан Шатырханұлы. 33 жастағы Алматылық жігіт Andrea Bocelli-дің «Time to say goodbye» әнімен әділ-қазылар алқасын сүйсіндірді. Осымен оныншы мәрте өтіп жатқан ән байқауында бағын сынаған өнерпаз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, Тина Карельдің тобына түсті.

«Ayumi» тобы сахнаға қайта оралмақ. Бұл жайында жазба жариялаған Алуа Қонарова, топ жанкүйерлерін елең еткізді. Интригаға толы постты көпшілік сүйінші хабар ретінде қабылдады. Тіпті қыздардың Қонарованың қарамағына оралып, топты қайта жаңғыртуын сұраған. Ал, ендігі шешім продюсер ханымда.

Өнерде де, өмірде де жазылмас жұп Тоқтар мен Бейбіт сахнадағы орындарын жастарға бермек. Тіпті, Тоқтар мырза өзінің ізбасарын тауып та қойған. Есімі – Ақылхан Әуелбеков.

Ақылхан бұрынғы «Қыран» тобында өнер көрсетіп, кейіннен жеке әнші ретінде танылуға тырысқан. Алайда, өнерде өз жолын таба алмағандықтан, Тоқтар мырзаның қарамағына келген екен.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Бейбіт екеуміз мәңгі қартайғанша жүре бермейміз ғой. Бір елдің есінде қалатын қыз бен жігіттің дуэтін жасағым келеді. Соған Ақылхан қазір 100 пайыз өтті. Енді қыз іздеп жатырмыз.

Дуэттің ендігі мақсаты – ел құлағында жүрген әндерін өшірмеу үшін, екінші Тоқтар мен Бейбітті өнер әлеміне жетелеу.