Кендал Дженнер де әріптесерінің қызу талқысына түсті! Атақты сәнбике Том Фордттың көрсетілімінде төсін жалаңаштап шығамын деп, біраз жұртты шулатты. Одан бөлек, бұл фэшн-шоуда қос анары тек шілтері матамен жабылған әпкелі-Хадидтер де көптің назарында болды.
Десе де, Том Фордтың кезекті коллекциясы тек ашық-шашық образдардан құралған деп айта алмаспыз. Су жаңа үлгілер де, өткен жолғы сияқты көбіне атлас пен мақпал матадан әзірленген. Хакки мен денимнен тігілген алып белдемшелер, диско стиліндегі образдар. Бұл жолы дизайнер жарқын түстерге басымдық танытқандай.
Ал су жаңа үлгілер көп ұзамай шоу-бизнес өкілдерінің үстінен табылса, әсте таңқалмаспыз! Себебі, фэшн шоуға жиналған танымалдар көп болды. Еске салсақ, Том Форд бұл жолы коллекциясын Нью-Йорк сән апталығы аясында емес, Лос-Анджелесте таныстырған еді. Соған орай, көрсетілімді тамашалауға асыққан жұлдыздар көп болды. Қадірлі қонақтар көшін Майли Сайрус, Дженнифер Лопес, Кайли Дженнер, Сиара мен Деми Мурдың өзі бастады.