Дженнифер Лопес мінсіз мүсінінің сырымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дженнифер Лопестің құпиясы! Әлемге әйгілі әнші мінсіз мүсінінің сырымен бөлісті. Америкалық «Hello» журналына ашылып сұхбат берген өнер иесі, 50 жасында дене бітімін сақтап қалу үшін түрлі жанкештілікке барып жүргенін жасырмай айтқан.

Мәселен, оның дене пішімінің қалыпты күйде болуына күнделікті спорт жаттығулары мен хореография көмектеседі екен. Оған қоса, әнші арнайы диетаға отырған. Күніне 2 литр су мен майсыз тағамдармен тамақтану Лопес үшін фигураны сақтаудың бірден бір амалы екен.

Джастин Бибер ең танымал әнші! Музыкант «youtube» платформасында фалловер саны жағынан топ жарып, рекорд орнатты. Поп орындаушының жеке каналына 50 млн жазылушы тіркелген.

Таяуда шаңырақ көтеріп өзінің шығармашылығына қайта кіріскен Биберге деген қызығушылық күн санап артуда. Себебі, өнерпаз өзінің парақшасына арнайы блок жүргізіп, қысқаметрлі фильмдер таспалап жүр. Онда Джастиннің жеке өмірі мен күнделікті қызықты сәттері көрсетіледі.

Гарри ханзаданың жүйкесі жұқарған! Ол соңғы 7 жыл бойы психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Оған себеп, Гарридің анасы Диана ханшайымның дүниеден озуы екен. Ет жақынынан айрылу оған қатты әсер етсе керек. Тіпті, Гарри патша әулетіндегі өз өкілеттілігін тыныштықта өмір сүріп, жан-дүниесін қалпына келтіру үшін тоқтатқан көрінеді.