Айдана Меденованың қызы Амина енді блогер! Жұлдызды жанұя кішкентай ханшайымның атынан ютуб платформасында жеке парақша ашып, қызықты видеолар таспаламақ. Кестетігерін танымал қылу – анасының идеясы екен.
Айдана Меденова, әнші:
- Менің күйеуім де өнерден алыс емес. Екеумізде сол жақтынбыз, сондықтан екеуі де «яблоко от яблони не далеко падает» дейді ғой. Ұлым да, қызым да ән айтады, би билейді. Ритм четкий, слухы четкий. Сондықтан кім біледі, әлі бәрі алда.
Аминосиктің бүгінде инстаграм парақшасына 35 мыңға жуық фолловер тіркелсе, ютуб арнасында 500-дей жазылушысы бар. Меденова қызым өнер жолын таңдаса тосқауыл қоймаймын деп отыр.
Айдана Меденова, әнші:
- Енді қатты жақсы көріп, өнер – өмірім десе, әрине неге мен оған жоқ демеймін. Өйткені өзіме де ешқашан кедергі жасамаған менің ата-анам. Керек кездерде қолдау көрсетіп, өзі бояндырып деген сияқты. Мен кішкентай кезіммен 5 жасымнан сахнадамын. Сондықтан мен енді өз балама әрине ешқандай бір қарсылық танытпаушы едім.
Қарақат пен Қыдырәлінің кішкентай қыздары Аяла да бүгінде ғаламтор жұлдызы. Әлеуметтік желіде 300 мың-нан аса оқырманы бар балақайға көптің қызығушылығы күн санап артып келеді. Қарақат Әбілдина қызының тәтті қылықтары фанаттар армиясын жасақтауға себеп болып отыр дейді.
Қарақат Әбілдина, әнші:
- Аялека өзі бір табиғаты ашық, өте бір өзінің табиғатынан адамды жатырқамайтын. Кез-келген адамның іш бауырына кіріп кететін бір мінезі ашық мінезі бар, еркелеп сол мінезіне болар оқырманы күні сайын өсіп жатыр. Парақшасын сол бір жасқа толған туған күнінде ашқан болатынбыз.
Ал Айқын Төлепберген болса, екінші ұлынан жұлдыз жасамақ! Әнші атұстарының әр басқан қадамын видеоға таспалап, оны Санжардың атына ашылған жеке парақшасына жүктеп отырады. Жұлдыз Өмірғалидің айтуынша, Айқын баласының Димаш сынды танымал тұлға болғанын қалайды екен.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
- Ең бірінші мақсат ол Айқынның өзі. Балам ертең мен сияқты әртіс болғанын қалайды. Өзі сияқты әртіс болғанын қалайды. Сондықтан ол қазірден бастап көпшілікке үйрене берсін, көпшілік оны көз алдында жүрсін, ертең үлкен сахнаға да шығарамын. Мен одан Димаш Құдайбергенов жасаймын деп жүр ғой.