Отандық әншілер халықаралық конкурстарға қатысты пікір білдірді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері шетелдік конкурстарды жағалап жүрген отандастарымыздың саны арта түскені жасырын емес. Бірі талантымен тәнті етіп, елімізге танымал болып оралса, қалғандары халықаралық байқауда жинаған тәжірибиесінің өзін жеңіске балайды.

Осы орайда, Меруерт Түсіпбева шын таланттардың елімізде қадірі болмағандықтан, бұл үрдістің қалыптасқанына сенімді. Тіпті әнші, кезінде Димашты бағаламаған кей әріптестеріне әлі де ренжулі көрінеді.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

- Бізде Димашты қабылдамаған адамдар, мен не айтам оларға. Сол үшін мына жастар Әміре сияқты Славянский базарға барып, атын дүр сілкіндірді. Қазақстанды бір көтерді. Содан кейін бәріміз жабыстық Әміре, Әміре деп, дұрыс па? Бізде қазақтар сондай, бар нәрсені, талантты бағалай алмайды.

Ал жас әнші Айри болса, болашақта өзі де халықаралық конкурстың қатысушысы атануы мүмкін екенін айтып қалды.

Ayree, әнші:

- Әрине, халықаралық байқауға әншілер негізі бару керек. Себебі, сол байқауда кәсіби вокалдық деңгейің өседі, әртіс ретінде. Мен негізінде сол тәжірибие үшін барам сол байқауларға. Біздің конкурстарға қатысқанмын студент кезімде. Бірақ дегенмен бізде деңгей сондай қатты жоғары емес та, сондықтан қорқыныш болған жоқ сахнада.

«Өкінішке қарай, еліміздегі конкурстардың деңгейі төмен» - дейді Айри. Бұл пікірмен әнші Әли Оқапов та толықтай келіседі. Сондықтан, халық әртісінің ұлы халықаралық байқаулармен бәсекеге түсе алатын, төл конкурс ұйымдастыру керектігін алға тартады.

Әли Оқапов, әнші:

- Менің ойымша әбден лайықтымыз және де уақыт келген сияқты өзіміздің де бір халқаралық деңгейдігі үлкен конкурс ұймыдастырсақ дегендей. Неге бізге келмеске шетелдіктер және біздің сахна неліктен дүниежүзіне танымал бомасқа дегендей.

Әли Оқаповтың игі арманы, болашақта жүзеге асады деген үміттеміз. Ал, оған дейін өнерпаздарымыз өз талантын шетелде дәлелдеуге құлықты.