«Голос Украина» шоуына қатысқан Ерлан Байбазаровтың өнері көпті таңқалдырды! Қарапайым көлік жүргізуші болып қызмет ететін ол дәл осы музыкалық байқауға ұзақ уақыт дайындалған екен.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Шынымды айтсам, бүкіл голостардың ішінен ең мықты ол Украинаның голосы сияқты. Қай жағынан болсын, шоу жағынан да, тәлімгерлер жағынан. Тәлімгермен қатысушының араласуы жағынан. Жалпы музыка жағынан. Сол себептен мен осында келуді армандайтынмын.
«Feel It Still» трегін домбыраның сүйемелдеуімен орындап шыққан Ерланға жобада Тина Кароль, Монатик және Потап пен Настя таласып қалған еді. Алайда музыкант өз жетекшісі ретінде Потап пен Настяны таңдады.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Мен үш тәлімгер бұрылады деп ойлаған жоқпын. Ешнәрсе ойлаған жоқпын, сахнаға шығар алдында қалтырап дірілдеп бардым. Өйткені қорқынышты болды.
Ерлан Байбазаров Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін «күйші» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Ұлттық аспапты заманауи музыкамен тоғыстырып жүрген ол, қазылар алқасының көзіне домбыраның арқасында түстім дейді.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
-Мүмкін экспериментте шығар, мен жәй шығып ән айтқан жоқпын. Мен домбырамен шықтым, Украин елінде домбыраны жақсы қарсы алды. Бізде әр үйде ілініп тұрады ғой. Сол домбыраның арқасы деп ойлаймын.
Еске салсақ, Ерлан бұған дейін қазақстандық «Х-фактор» жобасында көзге түскен болатын. Алайда, бұл байқауға бір емес бірнеше рет қатысқан Байбазаровтың асығы алшысынан түспепті.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Х-факторға жалпы мен көп бардым. Тек жетінші маусымда тікелей эфирге өттім. Ол жақта халық таңдайды. Мысалы әділ қазылар емес, жаңағы халық смс жібереді өзін ұнатқанын. *Ол халықтың таңдауы болды.
Бүгінде Киев қаласына аттанған музыкант «Голос Украина» шоуының келесі кезеңінің дайындығына кіріскен.
Ерлан Байбазаров, музыкант:
- Келесі кезеңге дайындық енді масқара жүріп жатыр. Дайындалып жатырмыз өйткені келесің кезең, батл болады. Біреу кетеді, біреуі қалады. 50 де 50 мүмкіндіктеріміз. Тең жартысы үйге қайту керек. Сол уайымдап.
Еске салсақ, Ерланды аталмыш жобада Диана Шарапова күйеуі Роман Мироновпен бірге қолдап барған болатын. «Голос Украинаның» ендігі бөлімі ақпан айының басында көрерменге жол тартпақ!