Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрында мереке!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрында мереке! Тарихы тереңнен бастау алатын өнер ордасының белді мүшесі Татьяна Тарская 80-ге келді. Бұл қуаныштың құрметіне актрисаға арналған бенефис өтті.

Бенефисте театр өнерінің майталманы да сахнадан табылды. Кеште актрисаның төбе көрсеткен күллі қойылымынан үзінділер көрермен назарына ұсынылды. Татьяна Тарская бұл күні игі тілектер мен құшақ-құшақ гүл шоғының астында қалды. Ал, актрисаның алыстағы әріптестері қуаныш иесіне видеоқұттықтау жіберді.

Татьяна Тарская, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Видеоқұттықтаулар мен үшін тосынсый болды! Шынымды айтсам, бұл туралы мүлде білмедім. Игі тілектерін білдіріп жатқан жандар арасынан құрметті азаматтардың бары, мен үшін мәртебе.

Татьяна Николаевна Тарская 1968 жылдан бері Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрында еңбек етіп келеді. Оған театр өнеріне қосқан үлесі үшін, кезінде «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы берілген еді.

Татьяна Тарская, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Театр менің өмірім! Бәлкім бұл дұрыс емес шығар, бірақ мен тіпті отбасыма уақыт бөлмедім. Балам өз бетімен өсті. Қойылымнан репетицияға, репетициядан қойылымға. Театрсыз өмірімді елестете алмаймын.