«Жас сахна» театрында тағы бір тың тұсаукесер!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жас сахна» театрында тағы бір тың тұсаукесер! Өнер ордасында осымен екінші рет қазақ тіліндегі спектакль көрермен назарына ұсынылды. Еске салсақ, 4 жылдық тарихы бар мәдениет ошағы тек орыс тілінде қойылымдар қойып келген еді.

«Жас сахна» театры бұл жолы, Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түн» шығармасына жан бітірді. «Дала заңы» атауымен көрерменге жол тартқан спектакль сюжетіне «әмеңгерлік» салты негіз болған.

Ақниет Орынтай, «Жас сахна» театрының актрисасы:

- Бізде камерный, барлық көзіміздің взглядымыздың кішкентай жесть, дыхания бәрі естіледі. Оны көрермен сезеді. 7D сияқты да мысалыға. Үлкен театрларда алыстан көріп отырасың. Ондай эффект болмайды. Ал мына жерде шынайы өмір сүресің кәдімгідей кинодағыдай.

Тұсауы кесілген қойылымда бүтіндей бір отбасының оқиғасы баяндалады. Соғыста күйеуінен айырылған Шафақ есімді жесір әйел, қайын інісінің қалыңдығы атанады. Алайда, ежелгі салт ақыр соңы жанұя өкілдерінің өмірін күл-талқан етеді.

Тоғжан Таханова, «Жас сахна» театрының актрисасы:

- Қазіргі менің өмірлік кезеңіме дөп түскен рөл деп ойлаймын. Сондықтан әлі де ашатын қыр-сырлары көп. Өзіме өте жақын болып қалыптасып жатыр. Бауыр бастым десем болады бұл рөлге.

Талай отандық фильмдерде бой көрсетіп жүрген Әшім Ахмет те «Жас сахна» театрының актері. Өнер иесіне жаңа қойылымнан 12-жастағы баланың рөлі бұйырған.

Әшім Ахметов, актер:

- Көбінесе кинода мен жаңағыдай батырлар, ұрып соғатындар, мафиялар, енді типажым сондай болғандықтан сондай рөлдерді ойнаймыз. Ал бұл сахна болғандықтан, бұл жерде бізге өзімізге кез-келген рөл берілсе, соны алып шығуға тырысамыз. Бұл біздің міндетіміз деп айтсақ болады актер ретінде.

Дәл осы Әшім Ахметтің ойынын тамашалау үшін, Гүлназ Жоланова тұсаукесерге арнайы келген. Актриса әріптесінің шеберлігіне тәнті болдым деп отыр.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Мен Әшім Ахметовтың фанатымын. Сондай өте жарқын дейміз ғой бір есте қалатындай, ерекше бір күлкілі жасқы бір образдар жасайды. Себебі, мен онымен кинода бірге партнер болғам. Кинодағы образдары оның сондай бурталды жаңағы қатал, жағымсыз, сондай бір жігіттердің рөлін сомдайды.

Тың тұсаукесерге келген патша көңілді көрермен арасында Роза Қуанышқызы да бар.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

- Біз Совет Одағы кезінде кино ретінде көргенбіз. Маған осы қызық болды. Осы кішкентай сахнада, қалай шығады екен. Образдар қалай жасалады екен. Бұл енді эксперименталдық театр ғой. Сондықтан әрине бұл жерде көптеген, ойламаған жерде сюрприздар болады. Маған ұнады.