«Қазақ аруы 2014» неге тұрмыс құруға асықпайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Азулы продюсер Алагөзова ұйытқы болып жүрген байқауда, жеңімпаздың тәжін 2011 жылы ең алғаш Ләззат Қалдыбекова киген болатын. «Қазақ аруы» атанған ол, бүгінде театр сахнасында актриса ретінде еңбек етуде. Одан бөлек Ләззаттың әншілікке де бет бұрған жайы бар.

Содан бері 9 жылдың жүзі өтсе де, сайыстың қарқыны еш үдеген емес. Талай сылқымның танылып, талай сұлудың шалынғаны тағы бар. Байқауды «даңқ дарытатын жол» деп білетіндер баршылық. Оның бірден бір дәлелі – Гүлназ Жоланова. 2014-те бағы ашылған ол, танымалдылыққа талпынып келеді. Тіпті актриса тұрмыс құруға да асықпайды екен.

Гүлназ Жоланова – актриса

- Дәл қазір, осыдан бір жыл өткен соң немесе 5-6 айдан кейін тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Көре жатармыз. 2-3 жыл. Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын.

«Баян бастаған барлық сұлу бірден атақты болып кетті» деу қателік шығар. Себебі, дақпыртқа делебесі қозбайтын, атақ атаулыдан ада арулар да жетерлік. Мәселен 2017 жылы «Қазақ аруы» атанған Нұргүл Асанова, мына сұқбатында келелі жоспарларымен бөліскен болатын. Бірақ ол түсірілім алаңын емес, тыныш өмірді таңдаған секілді.

Нұргүл Асанова - «Қазақ ару - 2017»

-Конкурс жеңгеннен кейін, Баян Мақсатқызымен бірге 5 жылға контрактіге отырдым. Яғни, өзімді әр жағымнан сынап, актерлық қасиеттерімді де, жүргізушілік қасиеттерімді де.

«Алагөзованың айтағымен жүріп, атақты боламыз» деген арулардың ішінде, атышулы «Баянсұлу» фильмінде басты рөлді сомдаған – Гүлзада Тұрлаш та бар. Ол бірнеше телехикаялардан кейін, тұрмыс құрып, тыныш өмірдің табалдырығын аттады.

Бұл байқауда хайптан бөлек, есті дүниелер де аз емес.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы жеңімпаз Альмира Ахат Хәкім Абайдың 100-ге тарта өлеңін жатқа айтып, жұртты таңдандырған болатын.