Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил жанұяларын сақтап қалу үшін, отбасылық психологтың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы Джастинның Джессикаға опасыздық жасауынан кейін бұзылған. Әнші жарынан қаншама рет кешірім сұраса да, оның көңілі орнықпапты. Бірақ Бил қаншама жыл, бір жастыққа бас қойып келе жатқан күйеуінен бас тартпақ емес. Ол тек: «бәрін ұмыту үшін уақыт керек», - дейді.
Ал Джастин Бибер болса, жары Хейли Болдуинға жағу үшін өмірлік кеңестерге толы кітаптар оқуға ден қойған. Әнші инстаграм парақшасында Хейли жайлы «Маған өмірге басқаша қарауға үйреткен адам», - деп жазба қалдырған. Хейли де өз кезегінде күйеуін барынша қолдауға дайын екенін айтады. Қос ғашықтың адал сезімдеріне жанкүйерлері де қатты сүйсінуде.
Ченнинг Татум мен Джесси Джей қайта қосылды! Естеріңізде болса, екі ай бұрын айырылысып кеткен олар, енді қосылуға ниетті емес екендерін айтып, сұқбат берген болатын. «Бар мәселе Татумның маған көңіл бөлмеуінде» деген Джесси, актерға қайта қосылу туралы өтінішті өзі білдіріпті. «Махаббат үшін күресу керек. Егер Джей хабарласпағанда, өзім іздеп келер едім», - дейді Ченнинг.