Желіде жаңа тренд! Отандық жұлдыздар «Dolly Parton Challenge»-ді жаппай қолдап жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық кантри-әнші Долли Партон бастаған челлендж трендке айналды! Орындаушы LinkedIn, Facebook, Instagram және Tinder-дегі аватаркаларын бір суретке сыйғызып, фотоколлаж жариялаған еді. Мақсаты – адамдардың белгілі бір әсер қалдыру үшін, әр желіде әртүрлі болатынын жеткізу.

Dolly Parton Challenge-ді бүгінде Уилл Смит, Арнольд Щварценегер, Марк Руффало, Дженнифер Гарнер, Прианка Чопра мен Майли Сайрус бастаған жұлдыздар қолдап жатыр.

Әлемдік трендттен еліміздің танымалдары да қалыс қалмақ емес. Мәселен, Yuframe-дық Арман Юсупов пен вайнер Назим Миссанов та тақырыпқа сай, фотоларын жүктеп үлгерді.

Айта кетерлігі, танысуға арналған Tinder желісінде еліміздің біршама өнер адамдарының аватаркаларын байқауға болады. Соның бірі - актер, продюсер Нұртас Адамбаев.

Нұртас Адамбай, режиссер:

-Тиндерде ме? Маған айтқан, бірақ ол мен емес. Достарым қалжыңдап салған шығар. Бұл - өмірде танысуға ұялатын жандарға арналған .

Осылайша, режиссер ақталуға тырысса, актриса әрі вайнер Нагимуша түрлі танысу қосымшаларының белсенді қолданушысы екенін жасырмайды.

Нағима Ахметова, вайнер:

- Әлі танымал емес кезімде Badoo-ға тіркеліп, ұшқыш жігітпен танысқанмын. Сол ұшқыш жігітті әлі де жақсы көретін сияқтымын. Қазір араласпаймыз. Одан бері екі жыл өтті.

4 баланың әкесі Айқын Төлепбергенге мұндай танысу қосымшасы қажет емес. Десе де, ол Лайк, Тик-Ток сынды желілерден шыға алмай жүр.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Байқасаңыздар қазір инстаграм дәуірі өтіп бара жатқан сияқты. Инстаграмға көбірек үлкен кісілер алып жатқан сияқты. Жастардың бәрі қазір «Tik-tok» «Like»-та жүр. Жаңа социальный сеть.

Сондықтан да, аталмыш желілерде Айқынның ерекше авасын байқап қалсаңыз, еш таңқалмаңыз!