Классикалық музыка мен әсем образдар! Париж фэшн уик аясында топтамасын ерекше етіп таныстырған «Givenchy»-дің әсерлі шоуы ел аузында!
Классикалық музыканың сүйемелдеуімен ұсынылған су жаңа топтама, нәзіктікке толы болды. Брендтің креативті директоры үлгілерді әзірлеуде «гүлдер мен бау-бақшадан» шабыт алған. Шебердің, бұл тақырыпқа тоқталуы да бекер емес. Себебі, бағбаншылық сән үйінің негізін қалаушы - Юбер де Живаншидің сүйікті ісі болған.
Фэшн шоудан тарқасқан меймандар Кайя Гербер киіп шыққан қалаыңдық көйлегін талқыға алды! Ерекше үлгідегі образ көпке жат көрінгендей.
Ал «Givenchy»-дің көрсетілімінен кейін, Кайя Гербер құрбылары Ирина Шейк, Наташа Полимен бірге «Valentino»-ның фэшн шоуынан табылды. Кілең супер-сәнбикелерді жинаған сән үйі, су жаңа үлгілерін жапондық стильде әзірлеп шығарған.