Отандық шоу-бизнестегі ең стильді ару кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымалдар арасында талғамы жоғары, барынша сәнді киінуге тырысатын арулар жетерлік. Мәселен, шоу-бизнес өкілдері бірауыздан «ең стильді жұлдыз» атағын әнші әрі дизайнер Лидоға берді. Досалина ханым желіге сәнді образдағы суреттерін жүктеп, қашан болмасын жарқырап жүруге тырысады.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Енді, біздікілерде айтар болсақ, маған ұнайды Лидоның қалай киінетіні, жалпы өзін қалай көрсететіні. Және де Баян Мақсатқызы. Бізде сәнді жұлдыздар көп. Динара Сәтжан. Кәмшаттың сахнадағы сәнді образдары ұнайды.

Осылайша, Динара Сәтжан да «ең стильді сұлулар» қатарында. Тіпті тележүргізушінің сәнге деген қызығушылығы, оның дизайнер атануына себепкер болған еді.

Динараның әріптесі Ләйлә Сұлтанқызы стильге келгенде, шоу-бизнестегі құрбыларынан қалыспақ емес. Тележүргізушінің гардеробында Louis Vuitton, DIOR, Dolce Gabbana сынды әлемдік брендтердің үлгілері жетерлік. Еуропа елдеріне жиі саяхаттайтын медиатұлғаның қымбат киімдерге келгенде ақшасын үнемдеп қалмасы анық.

Айжұлдыз Адайбекова, жас дизайнер:

- Негізі менің ойымша, әр адам өзінің стильіне қарау керек негізі. Себебі, стиль дейтін ол өзіңнің ішкі дүниеңді жалпы сыртқа көрсете білу. Соны көрсете білген адам ол өте орысша айтады ғой смелый адам деп ойлаймын. Себебі ол екінің бірінің қолынан келмейді. Кейбіреулері іштей креативті болғанымен оны сыртқа көрсете алмайды.

Жас дизайнер айтпақшы, ішкі креативін киімі арқылы көпке жеткізіп жүргендердің бірі - Ерке Есмахан. Әншінің сәнді киінгенді ұнататынын мына гардеробына қарап-ақ, байқауға болады.

Талғаммен киінетін танымалдар топтамасын продюсер әрі актриса Құралай Анарбекова мен Әсел Сағатова түйіндейді. Фэшн жаңалықтарды қалт жібермейтін қос ару, фэшн апталықтардың қадірлі қонағы.