Даяшыдан жұмсақ креслоға! Қазнетте ҚР президенті іс басқарушысының орынбасары қызу талқыға түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазнетте ҚР президенті іс басқарушысының орынбасары қызу талқыға түсті. Нақтырақ айтар болсақ, бұл қызметке жуырда ғана тағайындалған Ерлан Оразбайдың мансап жолы көпті қызықтырса керек. Кезіндегі қарапайым даяшының бірден жұмсақ креслоға жайғасуы сөзсіз сирек құбылыс.

Алайда, Ерлан Оразбайдың күйін кей шоу-бизнес өкілдері жақсы түсінеді. Мәселен, ауыр кезеңді бастан кешірген Жанна Орынбасарова да кезінде біраз уақыт даяшы болып істегенін бірі білсе, бірі біле бермейді.

Жанна Орынбасарова, әнші:

- Адам мысалға, официант болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ, шопыр бала болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ. Әр адамның мақсаты бар ма, сол мақсатқа өзі жүрсе, сол мақсатқа қарай жетістігіне жетсе, кім оған ешкім оған қарсы болмайды.

Тәуекел Мүсілімнің де мансап жолы дәмханадан басталғаны көпке беймәлім.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Өзім негізі бұрын киноға келмес бұрын, официант болып жұмыс істегенмін. Сондықтан кішігірім бұл кәсіп жақын деп ойлаймын.

Асылхан Төлепов пен Найнти уандық Әлем де, бұрындары қара жұмысқа жегілгенін жасырмайды.

«Alem», «Ninety one» тобының мембері:

- 7-8 касстарда басталған шығар бірінші жұмыс істеу. Ол жазда, бір-екі күндік жұмыстарға «грузчик» болып. Сосын, барып кел, шауып кел жұмыстар.

Асылхан Төлепов, актёр:

- Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ.

Сондықтан Асылхан өз еңбегіңмен жеткен жетістікке арланбауға шақырады. «Қандай қызметте жұмыс істегенің емес, адал еңбектің нанын жеу маңызды», - дейді актер.