2019 жылы арамыздан кеткен жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

2019 жылы шоу-бизнес саласы талай өнер өкілдерінен айырылды. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, жоқ болған Жанар Хамитованың оқиғасы оның әріптестеріне оңайға соқпағаны анық. Қарқаралыдан жеткен қаралы хабар әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Тіпті Рысбек Аташ Жанарды жоқтап, «Жалғыз қалма» атты әнге бейнебаян таспалады.

Рысбек Аташ, әнші:

- Негізі басын бастап қойған болатынбыз. Негізі әнді Жанарға беріп жіберемін де Жанар екі аптадай дайындалады. Сөйтіп келетін ғой, бұл әнге дайындалып үлгерген жоқ. 1-2 строчкасын жазды да осындай жағдай болды ғой. Күткен жоқпыз.

Театр және кино әлемінің шоқтығы биік жұлдызы - Раиса Мұхамедиярованың 80 жасқа қараған шағында өмірден өтуі, өнер саласы үшін орны толмас қаза. Актриса "Менің атым-Қожа" фильмінде Майқанова апайдың ролімен кеңінен танылған еді.

Юлия Началованың небәрі 38 жасында өмірмен қош айтысуы, ет-жақындарың қабырғасын қайыстырды. Қаралы хабарды әртістің пиар-директоры инстаграм желісі арқылы жеткізген болатын. Қант диабетіне шалдыққан Юлияның дертінің кесірінен жүрегі тоқтап, бақилық болды. Әнші кезінде "Утренняя звезда" телевизиялық байқауында жеңіске жетіп, көпке танылған еді.

Тағы бір ерек дауыс иегері - «Роксет» тобының солисті Мари Фредрикссонның бақилық болуы жанкүйерлерінің жүрегін жылатты. Ақын, композитор, скрипкашы және рокер Мари өмірінің соңғы жылдарында жан күйзелісіне тап болып, төсек тартып қалған еді. Өмірдің ауыртпалығын көтерере алмаған ол 62-жасында дүниеден өтті.

Juice WRLD лақап атымен танымал Джаред Хиггинс шығармашылығы шарықтап тұрған шағында, көз жұмады деп ешкім ойламаған еді. Хип-хоп орындаушы дәл сол сәтте «Lucid Dreams» синглымен әлемдік чарттарда көш бастап тұрды. Рэп орындаушысы 21 жасында есірткінің салдарынан жан тәсілім етті.