2019 жылы жұлдыздай жарқ етіп, өнерімен тәнті еткендер көп болды. Есімі елімізге ғана емес, шартарапқа жайылған Иманбек әп-сәтте танымал болам деп еш ойламаса керек. Оның америкалық рэпер Saint JHN-нің әніне жасаған ремиксі әлемге таралып, «shazam»-да ең көп ізделген композициялар көшін бастады.
IMANBEK, хитмейкер:
- Қалай танымал бола бастамдым, көптеген ұсыныстар түсе бастады... Әсіресе шетелден түсіп жатыр. Еуропадан, Ресейден.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – Say Mo. Рэптегі ерекше мәнерінің арқасында, «Песни на ТНТ» шоуында Тиматидің көзіне түскен сылқым, «Black Star» лэйблынан шақырту алған да еді. Алайда, Мөлдір бұл ұсыныстан бас тартып, бүгінде елмізде шығармашылығын шыңдап жүрген жайы бар.
Сондай-ақ, биыл Bonapart, Daricorn, Bonah, Introvert сынды өнерпаздар да «жаңа есімдер» тізімінде. Жас музыканттар тректерін ғаламтор арқылы таратып, өзіндік аудитория жинап үлгерді.
Ал, көрерменге жауыр болған актрисалар арасынын суырылып шыққан киноәлемінің де жаңа жұлдыздары жетерлік. Мәселен, Айгерім Мақсұтоваға
Баян Мақсатқызының «Тағдыр бекетінде» төбе көрсеткен соң, ұсыныстар толассыз түскен.
Индира Шынболатқызы болса, әуелі НТК арнасының «Бақытсыздар бағы» телехикаясында басты рөлді сомдап елге танылды. Кейіннен, «Қазбат» фильмінде актерлық шеберлігімен көрермендің тәнті еткен еді.
Индира Шынболатқызы, актриса:
- Бұл фильмге қалай келдің? Кастингке өзің ұмтылдың ба толықметрлі фильмге түсуге өзіңде талпыныс болды ма?
- Кастингтердің соңғы күндері болатын, Асқар Ұзабаев ағамызға, сол дәл кастинг күні түсіп қалдым.
- Жарқырап тұрған медальды көріп тұрмын. Бұл не медаль? Құтты болсын.
- «Қазақстанның патриоты» деген бір медаль және «Ұлттық Ұлан» деген медаль тақты. Осы фильмге байланысты.
Төсбелгі алмаса да, Жақан Отарғалиев көптің аузында. Актер өнер саласында бұрыннан жүргенімен, биыл ғана киноәлемінде бағы жанды десек, артық болмас. Сондықтан, Жақан да «жыл жаңалығы».