Әбунасыр Серіков аталмыш премияны төл «Оскарға» айналдыруды ұсынды!
Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:
- «Жыл плагиаты», «Жыл көйлегі» және «Жыл Қайраты» сынды ерекше номинациялармен марапаттайтын «Қызық премия» биыл да өз үздіктерін анықтамақ. Менде ерек форматтағы көңілді шараның қонағы атандым. Елді елең еткен жеңімпаздар кім болмақ, бірге анықтайық!
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Қызық премия» марапаты, биыл да әртістерге ерек атақ еншілетіп, жиналған көрерменді күлкіге қарық қылды.
Көңілді марапат қызыл кілем салтанатынан басталды. Арнаулы жолаққа арнайы
дресс-код та бекітілген еді.
Әбунасыр Серіков, актер:
- Бүгінгі қызық премияның дресс-коды ол «black tie» яғни, қара киіммен келу. Мен енді барынша киініп келдім, сізге қарасам мүлдем дресс кодқа мына қалпағыңыздан басқа ештене сай емес.
- Себебі мен, кеше операциядан шықтым, мен костюм шалбар киейін десем болмайды. Сондықтан да мен кешірім сұраймын.
- Біздің елге тағы қандай марапат, қандай номинациялар, қандай премиялар керек.
- Құдай қаласа, мысалы шетелде ең мысалы, Каннский фестиваль дейді, мысалы Оскар мысалы Америкада, осы номинациялардың біреуі осындай хәлге жетеді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Қалай көңіл күйің қалай?
- Көңіл күй жақсы премияға бір екі сағат қалғанда жиналып, есіме түсіп. Осылай келдім.
- 2-3 сағат қана дайындалдың, иә?
- Иә. 2 сағатта дайындалдым.
- Сені бір номинацияға ұсынады деп ойлайсың ба?
- Жоқ.
Десе де, Гүлназ Жоланова «осыдан басқа актер жоқ па?» атты номинацияға үміткер еді. Алайда, бұл аталым бойынша Әбунасыр Серіков оқ бойы озық шықты.
«Қызық премия» тек әртістер ғана емес, ғаламтор арқылы танылған жұлдыздарды да ескерген. Олардың ішінде футболдан қазақстан құрамасына арнайы видео түсірген Бексұлтан Закария «Жылдың ең үздік жанкүйері», ал 6-шы автобуста қысылып қалған Ерсін есімді балақай «Жыл келбеті» аталымын еншіледі. Оған қоса, дәл осы атаққа тойда опера
Есесіне, бұл кеште Тәуекел Мүслім «Неге үйленіп кеттің?» деп, артынан қуған бір топ сылқымнан әзер дегенде құтылды. Жуырда ғана отау құрған актерға арулар ән арнап, тергеуге алған еді. Еліміздің ең көрікті серісі әлі тойы болмаса да, «Жылдың ең үздік тойы» аталымын еншіледі.
Ал «Жыл рекорды» - Ерке Есмахан! «Қайда» әнімен 100 млн қаралым жинаған сылқым «Кешью» тобы, тіпті «Азия» мен Бақайдың өзіне шаң қаптырды.
Көңілді шарада жас талант Ержан Максим да назардан тыс қалмады! Шетелдік әнбайқауларда әрдайым күміс жүлдені иемденіп жүрген өнерпаз, «Жылдың ең үздік екінші орны» марапатын алып қайтты.
Ержан Максим, әнші:
- Осы Қазақстандық балдарды екінші орын алған номинациясынан осы «Қызық таймстың» жүлдесін ұтып алдым. Мен өте қуаныштымын, осындай статуэтка алғаныма және де барлығыңызға рахмет!
Желі жұлдыздары арасынан, заң туралы түрлі блогтар таспалап жүрген Руслан Жанпейісов «Желідегі құқық қорғаушы» атанса, өзі қызмет ететін компанияны орысша жарнамалаймын деп, тілі келмей әбден әбігерге түскен Шыңғыс Елемес «Жаным қиналмашы» марапатын алды.
Ал қызықты кештен құр алақан қайтқан жұлдыздар көңілдерін әсте түсірмеді.
Ochooou, әнші, актер:
- Очоу, Қызық премияда өткен жылы «үздік плагиат» деген болды, «күлкілі вайнер» деген сияқты болды. Қандай ерекше номинация сен ойлап тауып бере аласың?
- Бұны енді ойлану керек енді аяқ-астынан...
- Импровизацияңды қосшы?
- Сақалды жігіт?
- Иә, болады.
- Мұрты бар сақалы жоқ жігіт премиясы.
Әбдіжаппар Әлқожа болса, былтыр «Жыл плагиатын» еншілегенді. Алайда, биыл өзгенің әніне қанша жиендік жасаса да, оны Төреғали Төреәлі жеңіп кеткен көрінеді.
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
- Осы қызық премияға ерекше бір номинация ойлап тапшы?
- Мен енді ән жағынан бейнебаян жағынан марапат алып жүре берсем деп ойлаймын. Тағы да басқа бір шашыма, киіміме қарап бермей-ақ қойсын.
Әбдіжаппардың бұл игі тілегі келесі жылы орындалады деп сенеміз. Себебі, «Қызық премия» сәтін салса, 2020 жылы да жалғасын таппақ.