Орыс тілінде тырнақалды туындысын ұсынған Мәдина көпті таңқалтты! Жаңа әнді тыңдаған халық Сәдуақасованың дауысын танымай қалғанын жарыса жазуда. Тіпті олардың арасында Максимға ұқсатып жатқандар да жетерлік.
Мәдина болса, «менің мақсатым да сол еді» - дейді. Сәдуақасова бағытын өзгертіп көрмек ниетте Киевке арнайы барып, әнді өзін мүлде танымайтын музыканттарға жаздырған.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- 5 сағаттай мен студияға кірмей тұрып, сол жақтың вокалистімен дайындалдым. Олар айтады біз сізге жаңа звучаниеңізді өзгерткіміз келіп отыр, 5 сағат біздің манерамызды қойып отырды. Содан кейін мен студияға кірдім де, айтып шыққаннан кейін өз дауысымды танымаймын ғой.
Есесіне, Мәдинаның әсем дауысы украиндықтарға ұнап қалса керек.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Өздерінің украинадағы радиоларына алып қалды сол әнді. Қоюға болады ма деген бір қағаз қойып, болады, қойыңыздар, айналдыра беріңіздер деген.
Одан бөлек, соңғы кездері Мәдинаның батыл образды ерек фотоссесиялары талқыдағы тақырыптардың біріне айналған. Көпшілік оны «ашық-шашық, қазақ қызына жат емес» - деп даттауда. Алайда, жұрт сөзіне құлақ асуға құлықсыз Сәдуақасова, украиндық фотографтармен бірлесе, тағы бір «бомба» әзірлеп жатқан көрінеді.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Сол жердің Лобода, Вера Брежневаны түсіретін жігіт фотограф, ал енді гример-стиститерге келер болсақ, Бадоевпен жұмыс жасайтын гример, Димашқа да клип түсіріп келіпті. Көптеген мақтау сөздер айтып жатты, не деген сыпайы бала, сіз де сыпайысыз деп.
Қысқасы, Сәдуақасова ханымның жағымды жаңалықтары жетерлік. «Бағытымды өзгертіп, заманға сай болуым үшін енді барымды саламын» - деп отыр ол.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Мен қазір альбом жазып жатырмын. 2 альбом. Біреуі осындай мен әртүрлімін деген болса, екіншісі мүлде басқаша, оны сіздер естисіздер. 2020-ға менің жаңалықтарым өте көп.