Музыка әлемінде жаңа бағыт! «Кальянный рэп» туралы не білеміз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тыңдарман арасында трендке айналған «кальян-рэп» музыка әлеміндегі жаңа бағыт. Бұл жанрдың ерекшелігі – мағынасыз мәтін мен жеңіл әуенге құралуында.

Бүгінде Hammali & Navai, Jony, Andro, Сaygo сынды өнерпаздар дәл осы «кальян-рэптың» орындаушылары. Алайда «EQ»-лік жігіттердің айтуынша, бұл тенденцияны ең алғаш Jah Khalib қалыптастырған.

EQ тобы:

- Оны бірінші бастаған негізі Jah Khalib Қазақстанда шыққан. СНГ бойынша кальянный рэп Jah Khalib бастаған. Она өлеңімен «все что мы любим секс и наркотики». Біздің ағайын бәрін істеп тастаған. Молодец.

Көштен қалмау үшін, q-pop өкілдерінің өздері де осы бағыттағы «Лаванда» трегін ұсынғанды. Жігіттердің бұл жұмысы, бірден тыңдарманның оң бағасына ие болды.

EQ тобы:

- Қазіргі заманға сай, себебі қазіргі заманда үйден, жұмыстан шаршап келеді да, и қоссаң андай «кальянный» тыңдайсың. Құлақтың ұшында жүреді, өз сөздері де оңай бәрі де оңай. Для души да.

Жас музыкант Bonapart, «кальян рэпті» вирусты тректер қатарына қосады. «Мұндай әуендер тез жатталып, мағынасыз болса да, сөздері жадыңнан шықпай қояды», - дейді ол.

Bonapart, жас музыкант:

- Енді біздің уақытта популярный жарып жатыр ондай өлеңдер. За то көп кальнный рэптің арасынан ол мүмкіншілік береді. Басқа әртістерге өзінің өлеңдерін жаңа дыхания сияқты көрінеді да. Сол бүкілі кальян рэп істеп жатса, арасынан басқа стильмен жарып шығып жатса за то анық көрінеді.

«Renzo» тобы:

- Күшті жалпы адамдарға ұнайды. Өз басым, маған ұнамайды шынымды айтайын. Сендерге қалай жігіттер? Маған ұндайы қазіргі кезде, Джони, Андро мысалы. Шынымен де өте әдемі күшті.

Ал Мәди Рымбаев жас болса да жаңа буын өкілдерінің таңдауын түсінбейтін көрінеді. Халық әртісінің ұлы бұл әндерді «арзан әндер» қатарына қосады.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Енді ол халыққа байланысты өйткені, халықтың талғамы өзгерсе, әртістің де музыкасы өзгереді деп ойлаймын. Сол үшін «кальянный рэп» жазады, жарады. Мен шынымды айтсам тыңдамаймын және ұнатпаймын. Бірақ халыққа қарсы шыға алмайсың.