Juice WRLD туралы тағы бір тың дерек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үш күн бұрын дүниеден озған Juice WRLD-тың өліміне қатысты күні бүгін тың деректер мен жаңа ақпараттар шығуда. Рэпер отырған ұшақтағы орыннан есірткі мен қару-жарақ табылған. Оны байқап қалған ұшқыш дереу деректі құқық қорғау органдарына жеткізген.

Тексеріс барысында қару жарақтан бөлек, салмағы 30 келіні құрайтын есірткі заттары табылған көрінеді. Жазадан сытылып кеткісі келген ол, таблеткаларды қысымдап жұтып жіберген. Сол уақытта Juice WRLD-тың талмасы ұстап қалып, артынша ауруханада жүрегі де тоқтаған.

Juice WRLD «All Girls Are the Same» және «Lucid Dreams» синглдарымен танылған болатын. 2019-шы жылы «Billboard Music Awards» байқауында «Үздік жаңа әртіс» номинациясымен марапатталған-ды. Атағы мен абыройына қарамастан рэпер бозбала жастан есірткіге әуес болған. Бұл жаман әдетінің кесірінен ол мектепті тәмәмдай алмаған көрінеді. Ал соңғы уақытта тіпті нашасыз күн көре алмайтын дәрежеге жеткен.

Juice WRLD осыдан бір жыл бұрын көз жұмған ХХХ Тentesion-ның тағдырын қайталағандай. Себебі екі бозбала да көздері тірісінде табытта клип түсіріп, артынан сол табыттан өздері табылған. Және жаһанға кеңінен жайылған атақ оларға бақилық болғанда бұйырды.