«MadMen» -дықтардың метро станциясына келіп, концерт беруі көпшілік үшін күтпеген жайт! Мемберлер, аңтарылған жолаушылардың көңілін барынша көтеруге тырысты.
«MadMen» тобы:
- Бүгінгі шара жалпы «Юнеско» клубтарының төртінші академиясы әр қалалардан осы Қазақстанның дарынды балаларды жинап, осы жерде өнер көрсеткен болатын бізбен бірге. Негізі, қызық болды, бұл да бір бірінші тәжірибе болып тұр.
Ал, дарынды балалармен қосыла ән шырқап, би билеу үшін «MadMen» - діктерді көпшілік қауым арнайы таңдап алған көрінеді. Жігіттер, q-pop өкілдері арасында өзгелерге қарағанда көбірек сұраныста.
«MadMen» тобы:
- Ұйымдастырушылардың айтуынша, опрос болған. Әр әртістердің арасынан спрос дейді ғой, ең көп бізбен болғандықтан, балалармен біз шықтық.
Жүздеген сұқтанған көздің дәл алдында тұрып, ән шырқау қиынға соққанын жасырмайды жігіттер. Ерек тәжірибе жинадық деген мемберлер, енді ашық аспан астында жеке кешімізді өткізсек деп армандайды. Ал, дарынды балалар мен кішкентай жанкүйерлеріне ағалық ақылы мынау:
«MadMen» тобы:
- Әрқашанда бір орында тұрмаңыздар, әрдайым болыңыздар. Білім іздеп жүріңіздер әрқашан да, өздеріңіздің сүйген ісіңізбен айналысыңыздар.