Қазақстандықтар енді алысқа бармай ақ, өздерін Италияда жүргендей сезіне алады! Алматыда пиццаның отанын еске салатын, «La Prima» сауда орталығы ашылды.
Келген қонақтарға ерек атмосфера ұсынатын алаңда италияндық жиһаз, ыдыс-аяқтан бастап, азық-түлікке дейін таба аласыз. Тіпті, ондағы «Adagio» мейрамханасында Венеция кинофестивалінің жұлдызды қонақтары ішкен астан дәм тату мүмкіндігі бар.
-Тино Веттерело, аспаз:
- 11 жылдан бері Венеция фестивалінде бас аспаз ретінде қызмет етіп келемін. Әлемдік жұлдыздар ішкен ас, енді осы мейрамхананың мәзірінде де болады.
Одан бөлек Тино Веттерело, әр Венеция кинофестивалі өткен сайын, мейрамхананың мәзірін жаңартып отырамын деп сөз берді.
Ал, Италия жүрегі іспетті алаңқайдың ашылу салтанаты нағыз мерекеге ұласты. Түрлі шеберлік сабақтары мен театр қойылымдары, әнші Сон Паскальдың қатысуымен концерттік бағдарлама қала тұрғындарын қуантты!
Сон Паскаль, әнші:
- Орталықтың ашылуы Қазақстан мен Италияның бірлігін күшейте түспек. Өз басым, Қазақстанға келіп, өзімді, бақытымды таптым. Меніңше, екі елдің ұқсастықтары басым.
Айтулы кештің, қызығы мұнымен шектелмеді! Бұл күні, сауда орталығы меймандарына арнайы сайыс ұйымдастырылды. Жолы болған жеңімпаз,
Рим қаласына жолдама ұтып алды.