Дакота Джонсон сүйіктісімен айырылысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудта жұлдызды жұптардың саны тағы біреуге кеміді! Бұл жолы – «Голдплей» фронтмені Крис Мартин мен «50 оттенков серого» жұлдызы Дакота Джонсонның отбасының ойраны шықты!

«Әзір сәби сүйгім келмейді!» Әке атануды жан-тәнімен қалап жүрген Кристің қолқасына сүйіктісі осындай көңіл құлазытарлық жауап қатқан.

Малибудан құны 4,5 млн долларлық жекежай сатып алып, жанұя құрамыз деген серінің жоспарының күлі көкке ұшқан соң, олар бір-бірінен іргесін аулақ салған.

Дженнифер Лоуренс қу тізесін құшақтап қалды! Жо-жоқ оны сүйіктісі емес, құрбылары жалғыз қалдырған.

Неке қию салтанаты алдында қызойнақ ұйымдастырған актрисаның шақырған меймандарының бірі де келмей қалған. Көз жасын көл қылғанымен, актриса бұл жәйтке тек өзін ғана кінәлайды. Себебі, думанды кешке қонақтарды соңғы сәтте ғана шақырған.

Есесіне, Мэрайя Кэриді маңызды сәтте құрбылары қолдап келді. Памела Андерсон, Кейт Мосс пен Ноами Кемпбелл Амстердамға арнайы ұшып барған. Мұнда Мэрайяның Caution турнесінің соңғы концерті өтіп жатқанды! Сылқымдар, кешті мейрамханалардың бірінде жалғап, турдың тәмамдалауын тойлады.