Алматының ауа-райы Райм мен Артурдың концертінде де «тосын сыйын» даярлап қойған екен. Сіркіреген жауын, сахнаның өзін құлатқан дауылға қарамастан жігіттердің жанкүйерлері тапжылмай, ашық аспан астындағы концертті сағаттап тамашалады. Көрерменімен энергетика алмасу серілерге де өте маңызды!
Raim & Artur:
-Жалпы әрбір концертте әрқалай ғой, себебі әр жерде атмосфера бөлек. Мысалы, бүгін бұл жерде осы елді мекеннің адамдары, біздерге қандай атмосфера береді, дәл сондай болып өтеді концерт.
Ерекше кеште жаңа әндерінің тұсауын кескен Райм мен Артур, соңғы уақытта біраз үнсіздікке кеткен-ді. Енді жас музыканттарға продюсерлері жеке шығармашылықтарымен айналысуға мүмкіндік берген.
Raim & Artur:
-Екеуміз де жеке артистпіз. Уже неше рет айттық жалпы команда бар ғой. «DD Records» деген, соның ішіндегі барлық сольный артисттар, жеке артисттар барлығы бізбен айта алады мысалы, біз олармен жеке айта аламыз. Рұқсат етілген бізге.
Сахна, софит, көрерменнің шексіз ықыласы! Мұның артында танымалдылықтың талай ауыртпалығы қоса бар.
Raim & Artur:
-Жол, ата-анамызды аз көреміз. Достарымызды аз көреміз. Күн сайын әрбір қалада, ұйқы кейде, бір сағаттық ұйқымен жүреміз. Денсаулықтар ия азайып жатыр кішкене.
Ал, Райм мен Артурдан кезекті хит күтіп жүрген фанаттар үшін, жақын арада тың туындылар жарыққа шықпақ.