Дженнифер Энистон әлі де киноөндірістің алтын тағынан тайған емес! Лос – Анджелесте кезекті картинасын таныстырып, қызыл кілем төрінен табылған бикешке көрсетілген құрмет – осыны дәлелдейді.
«Netflix» студиясы ұсынған, «Құпия өлім» атты сиясы кеппеген туындыда Дженнифер мен бірге Адам Сэндлер бой көрсетеді. Қос ғашықтың бастан кешкен шытырман оқиғасы комедия жанрында киномандарға ұсынылған.
Адам Сэндлер, актер:
- Шынымды айтсам, алғашында комедияға түсуді қою керек деп ойладым. Себебі жасым келді. Бірақ, көрермен мені әлі де тек әзіл арқылы ғана қабылдайды.
Дженнифер Энистон, актриса:
- Туындыны әрбір жан өз отбасымен бірге көрсе екен. Себебі, керемет көңіл-күймен қатар біз өмірлік құндылықтарды да астарлап жеткіземіз.
Еуропаға демалысқа аттанатын ерлі-зайыптының бастан кешкен оқиғасын суреттейтін туынды, расымен ерекшеліктерге толы! Олар аяқ асты миллионердің өліміне себепкер атанып кетеді. Ойламаған жерден тұтылған бәледен олар қалай құтылмақ? 14-ші маусымнан бастап үлкен экрандардан көре аласыз.