Аталған бойзбенд, топтың экс-әншісі Әсетпен неге тіл табыса алмады?
Әсет «Алау» тобынан бөлінгенде, себебін ашып айтпаған-ды! Қазір ақиқаттың астарын ақтаруға әзір. Төрттікте 3 жылға жуық ән салған өнерпаз, ұжымда өзін жайсыз сезінгенін жасырмайды. Соңында квартеттегі кикілжіңдер бойзбендпен қоштасуға әкеп соққан.
Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:
- Бәріміз енді «идеальный» адам емеспіз ғой. Әр түрлі форс-мажор жағдайлар болып қалады.Топта жұмыс істеу өте қиын. Неліктен? Өйткені, топ – ол механизм! Біреу басқа жаққа шығып кетсе, бұзылып қалады.
Арыстанбектің айтқанын, бұрынғы топтастары да жоққа шығармайды. Бұл үш жігіт өзара тез түсініскенімен, Әсеттің болмысы бөлектеу болған екен.
«Алау» тобы:
- Қиыншылықтары мінезін ұғыну, түсіну адам бір-бірімен. Бірақ біздің топ ол кезеңнен өткеннен кейін, қазір бізде бәрі жақсы! Өзіміз аға-бауырдай сыйласып, солай жұмыс жасап жатырмыз!
Тіл табыса алмаған топ жігіттерін, отандық шоу-бизнестің танымалдары да дер кезінде татуластыруға тырысып баққан. Алайда, әртістер әрекетінен нәтиже болмапты!
Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:
-Оны жасыратын несі бар. Серік Ибрагимов ағамыз айтты: қосылып көрсеңші, өзіңнің шығармашылығың жеке жүре береді. Алаумен де ән айтып жүре бер. Бәрің бірге бастадыңдар ғой, - деген сияқты. Бірақ менің ары қарай өскім келеді.
Ал, жыл басында тарап, таяуда қайта құрылған «Алаулықтар», Әсетті қатарға қосуға құлықты емес.
«Алау» тобы:
- Өйткені өзімізге осылай ыңғайлы. Үшеумізге жұмыс істеген, үшеуміз ақылдасқан!
Бүгінде бойзбендтен бөлек кеткен Арыстанбек, күні кеше жеке шығармашылығындағы алғашқы тректің тұсауын кесті. Әнші жігіттің дебюттық туындысы – «Самба-румба» деп аталады!
Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:
«Самба-румбо» - бұл би атаулары! Яғни, өзінің стилі мен жанры бар. Сол себепті бұл биді өте қатты жақсы көремін.