Берік Айтжанов пен Аружан Жазылбекова басты ролдерін сомдаған халықаралық жоба, Олжас Сүлейменовтің көңілінен неге шықпады?
Қытай мен Қазақстан бірлескен халықаралық алғашқы ауқымды жоба! Сондықтан, киноөндірістегілердің елдегі тұсаукесерін дүбірлетіп атап өтуді көздегені байқалады. Республика сарайының алдына төселген қызыл кілеммен картинаның басты кейіпкерлері - Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек сынды топ әртістер жүріп өтуі тиіс-тін! Бірақ, ешқайсысы да төбе көрсетпеді.
Аталмыш шараға жарқыраған жұлдыздар келмесе де, жоба авторлары толықтай атсалысты. Бұл туындының қолға алынуына қытай елінің өзі себепші. Тіпті, тұсауын Бейжің кинофестивалінде кесті.
Джонатан Шень, бас продюсер (ҚХР):
- Қытайдың ұлы композиторы Си Синхайдың, Қазақстанда бастан кешкені мені қатты тебірентті. Бұрын-соңды осындай хикаямен таныс болмағаныма қатты таңқалдым.
Біздің тараптан режиссерлік тізгінге Сәбит Құрманбаев тағайындалған. Ол шетелдік әріптестермен жұмыс атқаруда тек тіл мәселесі біраз тұсау болды, – дейді.
Сәбит Құрманбеков, режиссер:
- Бұл айтып кету керек Қытай мен біріктіріп жоба жасау көп елдің арманы. Сол біз бірінші рет шығып отырмыз, мамандықтары өте биік, кәсіпкерлік өте биік.
Екі елдің қос сазгерлері Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың оқиғасы, алғашқы көрермендерді тәнті етті. Тіпті, жұлдыздар көз жасына ерік берді.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Шынын айтсам фильм бойы өте қобалжыдым, жыладым. Орыстар айтады ғой «музыка не имеет границ» деп. Көптен бері, осындай қазақтың түсірген кинолары маған сонша ұнамап еді. Бізде қазір сондай бір үрдіс бір әйтеуір сайқымазақ бір ешқандай, бір көресің де оны ұмытып кетесің.
Асқар Бисембин, режиссер:
- Өте сапалы жұмыс, музыкасы өте жоғары деңгейде жазылғаны көрініп тұр. Сол бір кездерге көз жүгірте алды. Шынымды айтсам, осындай көпшілік білмейтін оқиғаларды таспалау өте қиын. Бастысы оны лайықты жеткізе алу керек.
Көпшілікті тәнті еткен туындының кемшін тұстарын, жазушы Олжас Сүлеймов ғана байқаса керек.
Олжас Сүлейменов, ақын, жазушы:
- Актерлардың тырысқаны көрініп тұр. Бірақ маған сценарий жеткіліксіз болды. Режиссерлық жағы да сәл ақсап тұрды. Дегенмен, оқиға өз алдына тартымды.
Ал биографиялық драма 6-шы маусымнан бастап үлкен экрандарға жол