Зирузаның шамшырағын жағып, жұлдыздар қатарына қосқан Ерлан Әлімовтің талабы да таудай. Жеті жылдық келісім-шартқа қол қойған әнші, продюсердің біраз шектеуімен келісуге мәжбүр.
Ерлан Алимов, продюсер
- Зирузаға адам көп бар жерге баруға болмайды, сауда орталықтарына баруға болмайды. Фудкорттан тамақ жеуге болмайды, стадиондарға баруға болмайды, футбол көруге мысалы. Адам көп жерге баруға болмайды, тек қана жұмыс барысымен.
«Тәртіпке бағынғанның құл болмасын» азулы продюсер Алуа Қонарова да жақсы біледі. Дәл осы саланың жиырма жылдан бері «жілігін шағып, майын ішкен» ол, әртістерді тым босаңсытып жіберсең «құрдымға кеттім» деп есептей бер дейді.
Алуа Қонарова, продюсер
-Келісім бойынша мейрамхана, түнгі клубтарға, бұзақылық жасалатын орындарға баруға мүлдем тиым салынады. Әртісті қадағалау үшін мұның барлығын тексеру өте маңызды.
Продюсерлердің қоятын талаптары мұнымен шектелмейді. Келісім-шарт аяқталып, күшін жоймайынша отбасын құруға рұқсат жоқ! Өзгенің һәм өзінің уақытын үнемдеу, оған сыйластықпен қарау екі етпейтін ереже болуы керек.
Алуа Қонарова, продюсер
- Кешігуге мүлдем болмайды. Жұмыстың сәтті шығуы 90 пайыз тәртіпке байланысты.
Ерлан Алимов, продюсер
Бір рет болды бір жағдай бір минутқа кешікті, мен штраф айыппұл салдым.
Алайда айыппұл салып жазалаған продюсердің ашуы шай орамал кепкенше...
Ерлан Алимов, продюсер
- Отбасылық қарындас ретінде қараймыз Зирузаға. Мен қатал болсам да... білмейм енді қарындасыңа айқайламайсың ғой.
Себебі, Ерланның тәжірибесінде сеніміне селкеу түсірген жобалары болмады. Ал, Қонарова талай сан соқтырған жағдайларды түйіндей келе, бір тоқтамға келді. Енді анасындай танытатын қамқорлықтан бас тартпақ. Себебі, ол жақсылықтың қадірін білетіндер тым аз.
Алуа Қонарова, продюсер
- Әртістерді жақсы көресің, өміріңнің 90 пайызын оларға арнап, өз өміріңді өткізіп алады екенсің. Өздері үшін бар жағдайын жасайды, мен оларға материал беріп, клип түсіріп, атын шығарып, танымал болғанға дейін керекпін. Одан кейін оларға менің қажеттілігім шамалы.
Сондықтан, талай аузы күйген Алуа енді тек «үрлеп ішуге» ниетті.