Аян Бірбаев - қара жұмысшы! Шашасына шаң жұқтырмай, үнемі сән-салтанатын құрып жүретін сері бүгін, білек сыбанып электр жүйелерін жөндеуге кірісіп кеткен. «Almaty Pop up Store» жәрмеңкесін ұйымдастырамын деп, мұрнынан шаншылған әнші бізге мұңын шақты.
Сәнді киім, музыка және дәмді ас! «Almaty Pop up Store» шарасына келушілер ашық аспан астында демалып қана қоймай, түрлі мүмкіндікке ие болады.Дәл осы жобаны екінші жыл қатарынан өз басшылығына алған Аян Бірбаев, мерекенің мінсіз өтуі үшін тынбай тер төгіп жүр. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы жауапты істерді былай қойғанда, ұсақ-түйегіне дейін өзі араласып, қадағалауға қымсынбайды.
Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:
- Өз ісім болғаннан кейін, өзім жасап жүргеннен кейін мен көбі айтады ұят емес па, сен ана әртіс басыңмен қалай ана жақта тоңқайып бүйтіп тоқтарын қосып жатсың деп. О да тұрған ешнәрсе жоқ. Бұл менің өзімнің ісім, мен оны өзім істемесем оны кім істейді.
Жұлдыз боп жасындай жарқыраудан да, сахнадан қол босағанда ер азаматқа тән өзге де тірлікті атқарудан да тайсалмаймын, - дейді сері. Бұған қоса,
отбасының қажеттілігін өтеу үшін «жұмыртқадан жүн қырқуға да» машықтаныпты.
Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:
- «Рингода» істеп жүргеніме 10 жылдан астам уақыт өтіп кетті да, қазір мысалы бос уақытым бар. «Ринго» бұрында енді бір басыма жететін. Одан кейін Айнұр екеміз болғанда ол да жететін. Ал енді қазір бала-шағам бар, олардың жаңағы памперсі бар, балабақшалары бар, шығын көбейіп кетті.
«Almaty Pop up Store»-да коллекциясын ұсынған Динара Рахимбаева мен Адина Топашева да алғаш рет өздерін дизайнер ретінде танытқан еді.
Динара Рахимбаева, блогер:
- Бүгін біз «Almaty pop up store»-да алғаш рет қатысушы ретінде келдік. Себебі осы жылы бірінші рет өзіміздің брендімізді ұсындық. Бірден осындай шараға келу кішкене қиынға соқты. Бұл біз үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.
Ал, аталмыш жәрмеңке 20 мыңнан астам келушілермен екі күнге созылды.