Джеймс Кэмерон қанша жыл өтсе де, «Терминатордың» франшизасы табысты боларына сенімді! Қартайып қалса да Арнольд Шварценеггер мен Сара Конор – Линда Хэмилтонды басты рөлге бекітсе болғаны. Сиквел авторы - бұл жолы режиссерлікке «Дэдпулмен» танылған Тим Миллерді таңдаған.
Фантастикалық картинаның басты көркі – 71 жастағы Арнольд Шварценеггер болары хақ. Әйтседе, киномандарға Наталия Рейс, Маккензи Дэвис, Гэбриэл Луна сынды азулы актерлерді де тамашалау бағы бұйырған. АҚШ пен Қытай елі бірігіп таспалаған туынды желісі «Терминатор - 2» картинасынан кейін өрбиді.
Кәріліктің ауылына аяқ басып үлгерген Линда Хэмилтон әлі де тың көрінеді. Сара Коннор роліндегі бикеш Арниді қайтару үшін түрлі жанкештілікке бармақ. Себебі, Шварценеггер қаһармандықтан бас тартқан болатын. Ал, шытырманға толы лента 31-ші қазаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.