Ал, Канн фестиваліне жиылған жұлдыздар әдеттегідей АmfAR қайырылымдылық кешінде бас қосты. Кіл ақсүйектер төбе көрсететін шараның қызыл кілемінде жарқыраған бомонд көшін - Кардашьяндар әулеті бастады.
Ерек образдарымен жұртты таңқалдырған Крис және Кендалл Дженнерлер, Кардашьяндар отбасының «намысын қолдан бермеуге» барын салғаны байқалады.
«AmFAR» кешінде бас қосқан көпшілік СПИД-ке шалдыққан жандарды қолдау мақсатында, еш аянып қалмаймыз деген ниеттерін ортаға салды.
Жыл сайын мәдениеттің түрлі салаларында ауқымды бәссауда ұйымдастырылып, жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалатын кештің төрінен, бұл жолы актриса Памела Андерсон да, өзінің ұлымен бірге табылды.
Памела Андерсон, актриса:
-Дәл осы шараға атсалысқан жандар өздерін мақтан тұту керек деп ойлаймын. Себебі біздің қолымызда түрлі мүмкіндіктер жетерлік.
Дәл осы Амфар кешіне арнап супер-сәнбикелермен дәстүрлі көрсетілім өткізетін Карин Ройтфельд, әдеттегінше тағы бір топтамасын ұсынды. Дизайнердің бұл жолғы таңдауы рок-н-ролл стиліне түскен.
Кариннің су жаңа коллекциясы бақилық болған сән әлемінің патшасы - Карл Лагерфельдке һәм музыка майталманы - Дэвид Боуиге арналған.
Биылғы бәссауданың басты лоттарының бірі - Такаши Муракамидің мүсіншесі болды. Суретші Крис Левин әзірлеген Елизаветы II патшайымның фотокартинасы және Микии Маустың 90 жылдығына орай мәрмәрдан жасалған ескерткіш де миллиондарға бағаланды.