Леа Сейду қатысуымен таспаланып жатқан «Бонд 25» картинасы да, болашақта ең табысты атануы тиіс! Ал, оған дейін актриса Канн кинофестивалінде кезекті картинасының тұсуын кесті. Айтулы сәтте өнер иесін қолдауға ДиКаприоның өзі келді.
«Oh Mercy»! Француз жұлдызының Канн фестиваліне ала келген картинасы дәл осылай аталады. Арно Деплешен таспалаған туынды Рождество қарсаңында болған қылмыстық оқиға туралы. Картина Педро Альмодовар, Квентин Тарантино сынды ең үздік режиссерлардың картинасымен сайысқа түспек. Лента да «Алтын пальма ағашын» алуға дәмелі.
Фильмнің бас кейіпкері, Леа Сейду шарада киген образы арқылы, қызыл кілем сәніне төңкеріс әкелгісі келгендей. Актриса, әдеттегі әсем көйлекті ерек үлгідегі шалбар мен ашық топқа алмастырған.
Есесіне, мұндай жаңашылдыққа кештің өзге арулары әзір емес сыңайлы. Адриана Лима, Изабель Гулар премьераның қонақтары қатарында. Олардың арасында Леонардо Ди Каприо да бар.
Еске салсақ, бұл Канн кинофестивалінің ең соңғы күндері. 72-ші рет ұйымдастырылып отырған айтулы сайыс мамыр айының 25-інді өз мәресіне жетеді.