«Аладдинге» көп ұзамай баға беретін боламыз. Ал өткен уик-эндтегі отандық прокат су жаңа картиналарға толы болды. Райан Рейнольдстың «Детектив Пикачу» лентасы, көрерменнің көңілінен бірден шықты.
АҚШ пен Жапон елі бірігіп таспалаған фэнтези алғашқы аптада 220 млн кіріс көрген. Фильмде, 21 жастағы Тима есімді баланың әкесі жоғалып кетеді. Бұл оқиғада бозбалаға Покемон қаһармандары көмекке келмек.
Көрермендерімен қайта қауышқан «Джон Уик: Парабеллум» фильмі екінші сатыда.
Өткен уик-эндте, басты рөлді Киану Ривз сомдайтын атыс-шабыс лентасы, 213 млн-нан аса пайдаға кенелді. Халықаралық тыңшының хикаясы үшінші бөлімінде шиеленісе түседі. Енді оның көзін жою үшін түрлі қылмыскерлер бас қоспақ.
Энн Хэтэуэй мен Ребел Уилсонның су жаңа «Түзелмес алаяқтар» картинасы үздік үштікті түйіндеді.
Комедияға толы фильм, бұл аптада қоржынын 148 млн-мен толтырды.
Туындыда, қос арулардың алаяқтық әрекеттері баяндалады. Бикештер жігіттерді алдау үшін түрлі қулыққа барған екен.