Кезінде «Найнти уан» тобы тың бағытпен жарқ еткен сәтте, талай жұлдыздардың жүйкесі сыр берген еді. Тіпті, ашуға булыққан Бағлан Әбдірайымов шаштарын түрлі түске бояған бойзбендке көшеде көзге көрінбеуін ескерткен. Бірақ уақытпен қатар, пікірдің де өзгеруі заңдылық. Бүгінде «Жігіттер» пен «91» өнерпаздары өзара түсініскен тәрізді!
Отандық шоу-бизнесте тыңнан түрен салып, бағыты басқалардан бөлек, сахналық стилі ерек көрінген «Найнти уанға» наразылық танытқан танымалдар көп еді кезінде. Алғашқыда бұл топты айыптағандардың бірі – Бағлан Әбдірайымов.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Шашын бояп, қыздар сияқты киінген жігіттерге біздің қоғамда орын болмаған. Қоғам ондай жігіттерді қабылдамаған. +00:11:32 Майда-шүйде қыздар ғашық болып жүр да. Жігітше киініп шықса, бүкіл қыздар ғашық болмай ма оларға.
Сүрленген бұл сұхбат 2016-ның күз мезгілінде таспаға тартылған-ды. Уақыт сырғыған сайын, көзқарастың да көкжиегі кеңейіп, пікірдің де өзгеруі ықтимал. Кезінде «91-ге» қырғиқабақ танытқан «Жігіттер» командасы, бұдан былай атышулы топтың жетекшісімен дастархан басында жиі бас қосатын болған. Соған қарағанда арадағы өкпе-ренішті ұмытып, қос орталық жаңа жобаның жұмысын қолға алған секілді.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Өнер ортақ болғаннан кейін олардың да, біздің де бағыт, мақсаттарымыз бір болып тұр деген сияқты. Өйткені, сыртқы келбетіміз бір болғанымен, ішкі әлем бір нысаны дәлдеп тұр деп айтайықшы. Сондықтан ертең қандай да бір жоба болса, егер сол жігіттермен бір жерге барып келетін жағдай болып жатса, шыны керек мен қуанатын едім!
Иә, «91» тобының көрмегені жоқ. Бойзбендтің бастан өткерген қиын кезеңін Ерболаттың жұбайы жақсы біледі. «Десек те, төккен тер текке кеткен жоқ!» - дейді Асыл Айдарқызы.
Асыл Беделхан, продюсер:
- Олар былай кеудесін ұрып орнын тапты деп айтуға болмайды. Кәдімгідей біздің мемлекетке де, той әншілеріне де, дәстүрлі әншілерге де бастарын иіп, біз сіздердің өнерлеріңізді сыйлаймыз, құрметейміз. Бірақ осындай бағыт болуы тиіс деп айтқаннан кейін, жылдар өте келе көп әртістер құлақ асты деп ойлаймын!
Бұл тізімде Бағлан да бар. Тіпті, «Жігіттердің» белсендісі «91» тобымен шығармашылық тандем құруға да қарсы емес.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» - дейді ғой қазақ. Біз әлі сөйлесіп көрген жоқпыз. Егер сапарлас болып сөйлессек, бәлкім біз түсінбей жатқан нәрселер де бар шығар.
Бүгінде атышулы бестіктің болмысында есею байқалса, шығармашылық талғамында да өзгеріс бар көрінеді.
Асыл Беделхан, продюсер:
- Найнти уанның бастапқыдағы образдары, халыққа беретін тақырыптары қазіргімен салыстырғанда басқаша. Сөйлесе отыра ұлдардың көзқарастары, олардың есейіп қалғаны білініп тұрады. Бәрі басқаша. Олар космосты кәдімгідей зерттеп кеткен балалар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Жігітер» мен «91» тобы тату! «Ер шекіспей, бекіспейді» - деп осындайда айтылса керек!