Отандық жұлдыздар болса, «Халықаралық отбасы күніне» орай бақытты шаңырақтың құпиясымен бөліскен-ді. Мысалы, бес бірдей баланың әкесі Қыдырәлі Болмановатың сыры - жұбайына деген құрметі екен.
Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырақ көтергендеріне 20 жылға жуық уақыт болған. Төрт ұл мен ханшайым тәрбиелеп отырған өнерлі отбасында – сыйластық бірінші орында тұрады.
Қыдырәлі Болманов, әнші:
- Енді бір аса құпиясы болмағанмен, анау ата-бабамыздан келе жатқан тәлім-тәрбиелік сөздер, имани сөздердің бәрі айналып келгенде, ол отбасының құпиясы. Еркектің әйелін алақынына салуы, яғни ең жақсыларын дейді, әйеліне дұрыс қарағандырың дейді.
Әр күні тығыз кестеге түзілген Санжар Мәди болса, кейде жұбайына уақыт таба алмайтын сәттердің болатынын жасырмайды.
Санжар Мәди, актер:
- Мен үйде көп уақыт бола бермеймін. Сондықтан, арамызда кикілжіңнен бұрын, сағынысып көрісу басымырақ. Шығармашылық адамы ұзақ уақыт үйден жырақта жүреді емес па?
Айнұр Ілиясова толассыз түсірілімдерге қарамастан, отбасына уақыт табуға дайын. Жақында ғана екінші сәбиін дүниеге әкелген актриса, бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Енді менің ойымша ол отбасындағы баланс, өзара түсінісушілік жаңағы және де білім. Егер сен неғұрлым көп білім алсаң, соғұрлым сен түрлі нәрселерге төтеп бере аласың. Ол ұрыс болсын, айқай
болсын, білеймін енді ауру болсын.
Сәнгер әрі блогер Әсем Нұрсейітова, кез-келген мәселеде ет жақындарының көмегіне жүгінеді. Динара Сәтжанның келіні, тату-тәтті өмір сүру үшін ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарау қажет дейді.
Әсем Нұрсейітова, блогер:
Жұлдыздардың айтуынша, бір-бірін сыйлау мен кешірімді болу – мінсіз, бақытты отбасының құпиясы.