Инсайдерлер, Джиджи Хадид пен Зейн Малик те жасырын түрде сөз байласты деп талай рет топшылағанды. Алайда, көңіл қосқан қос ғашық, ақыры айырылысып тынды. Содан кейін сәнбике, бар уақытын жұмысқа арнағанды жөн көргендей. Әйгілі модель британдық бренд Burberry-дің бетбейнесіне айналды.
Бұл видео танымал сән үйінің капсулды топтамасын таныстыру мақсатында таспаланған. Онда Джиджи, бір-біріне мүлде ұқсамайтын төрт түрлі образда бой көрсетеді. Инстаграм жұлдызы, биязы сылқым, байсалды джентельмен мен тентек бозбала! Олардың әрқайысысы, Хадидке жараса кеткендей!