Таяуда ғана «Ордалық» Есболаттың бойдақтығына тұсау салынды. Бірақ кіші Беделхан жеке өміріндегі жағымды жаңалықты жұртқа жария қылуды қаламаса керек, жұбайымен жасырын некелесіп үлгерген. Қырыққа таяған шақта отағасы атанған әншінің таңдауы кімге түсті?
Есболатқа 37 жастан асқан шағында шаңырақ көтеру бұйырыпты. Сүрбойдақтың жылдар бойы сарыла күткен сүйіктісі – Бота Ерімбет есімді бикеш. Инстадағы инсайдерлердің мәліметінше, жас келін шет елде білім алған, режиссерлық қабілеті де бар көрінеді. Бүгінде ерлі-зайыптылар «Айс блю» атты арулар тобына продюсерлік етеді.
Айтпақшы, кезінде Азамат Сатыбалды да дүйім жұртқа жар салып, ұлан-асыр той жасамағанын айтады. Актер мен актриса Назгүл Қарабалинаның арасындағы сезім, тек өзара сеніммен шектелген.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Жалпы менің тойым болған емес. Біз Назгүл екеуміз үйленген кезде жағдай болған жоқ. Екеуміз тойда жасаған жоқпыз. Назгүл кәдімгі ақ көйлек те киген жоқ. Жай ғана екеуміз келісіп, бір-бірімізге сендік, сезімге сендік. Бір болатынымызға сендік. Солай отбасыларымыз ол жақтан да, біз жақтан да келісті. Сол өмір сүріп келе жатырмыз. Жаман емес!
Үйлену тойын жабық түрде ұйымдастырған Жеңісхан, өміріндегі айтулы күнді атап өту үшін, шекара асуға дайын екенін жасырмаған-ды.
Жеңісхан Момышев, әнші, режиссер:
- Шет елде әйелімнің, өзімнің достарым бар. Солардың бастарын бір қосу. Оларға Алматыға, Қазақстанға келе алмайды. Сол жақта тұратын да туысқандарым бар.
Жұрт назарынан жыраққа кетіп, жасырын той жасау тренді жайлы, қазіргі таңда Керменбаев жас жұбайлардан жиі еститін болған.
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Мысалға бүйтсек дейді де: табиғаттың шетінде, тауға барып, әппақ дастархан жайып тастап, шағын ғана адамға сондай той жасағым келеді дейтіндер де көп.
Өнердегі жанкүйерімен өмірде жұптасқан қара баланың үйлену тойы Жезқазған өңірінде дүркіреп өткен еді