Алтынай Жолдыбаева дебьютті трегін ұсынды! «Джейран» тобында талай жыл еңбек еткен бикеш, жеке шығармашылығына шындап кіріспек. Тіпті ол үшін ұзақ уақыт дайындалдым дейді. Енді кіші Жолдыбаева, өнердегі әпкесі Кәмшатқа бәсекелес болуы мүмкін...
Алтынай Жолдыбаеваның су жаңа трегі «Молоко» деп аталады. Әншінің жеке орындауындағы тұңғыш туындысы реггетон жанрында. Орыс тіліндегі ән өнерпазға сыйға берілген екен.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
- Бұл ән менде шыны керек 2 жылдай жатты. Өйткені мен жаңағы контракт бойынша жұмыс жасағаннан кейін, артық өзім ән жаза алмадым, айта алмадым, жарыққа шығара алмадым. Сондықтан да ең бірінші қолыма алған әнім, осы ән болатын.
«Джейран» тобында төрт жылдай өнер көрсеткен Алтынай, жеке шығармашылыққа дайын. Кіші Жолдыбаеваның айтуынша, тәжірибені дәл осы гелзбендтің арқасында жинаған.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
- Джейран тобына дейін де жалпы өзім жалғыз сахнада жүрген адаммын, театрда да жұмыс жасадым. Джейран тобы маған үлкен, сабақ болды, үлкен тәжірибе жинадым. Сондықтан да, осындай үлкен тәжірибеден өткеннен кейін менің сахнадан қысылғаным ұят болатын шығар.
Соңғы сән үлгілерінен хабардар Алтынай, сахнаға эпатажды образдарымен шықпақ. Жолдыбаеваның бұл таңдауын көпшілік әпкесі Кәмшаттың стилімен ұқсататын көрінеді.
Алтынай Жолдыбаева, әнші
- Білесіз бе стиліміз неліктен ұқсайды, өйткені біз соңғы трендтегі стилдермен жұмыс жасағынды ұнатамыз. Сондықтан да, соңғы қазіргі кезде болып жатқан, жаңағы сәнге айналып кеткен, киімдер немесе тағы да басқа, әуен деп айтамыз ғой, сол жағы сәнде болса, яғни екеуміздің стиліміз ұқсауы мүмкін.
Алтынайдың «Молоко» әнін жуырда барлық музыкалық платформалардан таба аласыз.