Төреғали сияқты фильмінің жалғасын түсіруді Анджелина Джоли да қолға алған еді. Актриса «Малефисента» картинасының екінші бөлімінің трейлерін ұсынды.
«Малефисента: Зұлым күш әміршісі», 2014 жылы жарық көрген аталмыш картинаның жалғасы. Дисней студиясы ұзақ жылдар бойы жобаны жарыққа шығара алмай келгенді. Оған Джолидің тығыз жұмыс кестесі себеп болған. Ал шытырманға толы су жаңа фантастика 17-ші қазаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.