Ешбір аспаптың сүйемелдеуінсіз өнер көрсететін «Vox acapella» ұжымы Түркиядан оралды! Жанды дауыста ән шырқайтын жастар шетелге арнайы шақыртумен барған еді. Өзге мемлекеттегі ән сапарлары жайында топ мүшелері өздері айтып берсін.
Акапелла жанрын дәріптеп жүрген ұжымның, Түрік еліне гастролі 10 күнге созылған. Алғашында Анкарада ғана өнер көрсетуді жоспарлаған жастарға, өзге қалалардан да ұсыныс түскен екен.
Vox acapella тобы:
- Түркияның 3 қаласында өтті. Түркияның астанасы Анкара, Сивас және Байбұрт қалаларында өтті. Түркия халқы риза, өнерімізге риза болып, барлығы орнынан тұрып шапалақтарын ұрып, баталарын беріп, жақсы шығарып салды.
Алғаш шетелге аттанған сикстет бүгінде бірнеше тілде ән салады. Ешбір аспаптың сүйемелдеуінсіз өнер көрсететін ұжым, қазақтың халық әндерімен қатар түбі бір түркі жұртының танымал шығармаларын шырқады.
Vox acapella тобы:
- Түрік тілінде ән айттық, Анкара қаласында қазақтың халық әнін айттық. Өйткені енді біз Қазақстаннан келгеннен кейін, ол жерде бізге өте қатты құрметпен қарайды, ата-жұрттан келдіңіздер деген сияқты.
«Vox acapella»-ның ендігі жоспары Корей халқына концерт беру. Ұжым осылайша өзге мемлекеттерге танылуды көздеп отыр.
Vox acapella тобы:
- Қазақтың өнерін дәріптеу ол да дұрыс деп ойлаймын себебі, сондай алыс шалғай қалаларда біздің осындай ел бар екен, Қазақстан сияқты біздің өнерімізді танысын деген мақсатпен.