Отандық жұлдыздар жаппай «ақпараттық диета» ұстауда! Өнер өкілдері, осылайша өздерін ғаламтордағы қажетсіз мәліметтерден алыстатпақ. Мәселен, Тәуекел Мүслім тіпті желідегі кей әріптестерінің жазбаларын оқудан да бас тартып отыр!
Ақпараттық ағымға қарсы тұруға талпынғандардың бірі – Санұржан Сүлейменов. Алайда, қажетсіз жазбаларды оқудан бас тартқан актердың бұл қылығы жақындарын ренжіткен көрінеді.
Санұржан Сүлейменов, актер:
- Информационная диета дейміз, сондай нәрсені қабылдадым. Қазіргі уақытта инстаграм жүйесін айтатын болсам, кейбір таныстарым ренжиді неге маған жазылмадың деп. Подписки деген жерде менде нөл тұр.
Нөл болмаса да, Тәуекел Мүслім де желідегі кей өнер өкілдерінің «фалловері» атануға асықпайды. Әріптестерін бақылау, актер үшін қызық емес.
Тәуекел Мүслім, актер:
- Қазір интересныйды фильтровать ету деген нәрсе бар. Саған керек емес, қызық емес нәрселерді блокировать етіп, артынша өзіме керекті контент өзім ұнататын, мысалы айтар болсам жаңағы табиғаттың суреттері сондай нәрселер мені қызықтырады.
Есесіне, Жеңісхан Момышев «ақпараттық диетаға» аса бас қатырмайды. Режиссердың онсыз да уақыты жоқ.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Егер менің уақытым жоқ болса, көрмеймін. Уақытым бос кезінде ашып көремін. Бірақ, енді жынды сияқты 5 минут сайын ондай привычкам жоқ менің.
Сондықтан да, Жеңісхан ғаламтордағы өзі туралы жазылған жалған ақпаратты байқамаса керек. Ондағы дерекке сенсек, Момышев 48 жаста!
Санжар Мәди, актер:
- Ғаламтор келгелі, көптеген жалған ақпарат тарап, оны тексеру мүмкін болмай отыр. Өкініштісі, адамдар желіде не жазса соған сеніп қала береді. Қандай ақпарат оқысаңыз да, оның шын екеніне жақсылап көз жеткізіңіз.
Немесе тек сенімді дерек көздеріне жүгінген жөн дейді актер. Санжардың пікірінше, соның бірі – баяғыдан келе жатқан теледидар болып қала бермек.