Аладдиннің кассалық табысын көп ұзамай біле жатармыз. Ал бүгінде кинопрокаттың көшінде - «Кек алушылар» лентасы тұр. Фантастикаға толы фильм жинаған қаржысымен тіпті, әйгілі «Титаниктің» өзін шаң қаптырған.
«Марвел» компаниясы суперқаһармандардың соңғы айқасының арқасында 2,3 млрд доллардан аса қаражатқа кенелді. Бірнеше аптадағы мұндай жетістік «Титаник» фильмінің режиссері Джеймс Кэмеронды бей-жәй қалдырмады. Киногер өзінің твиттер парақшасынан ресми құттықтауын жеткізді.
- Кевин Файги мен барлық Марвел ұжымына бәрекелді деймін. Сендер менің Титанигімді батырып жібердіңдер. Бұл киноиндустрияның бір орында тұрмайтынының дәлелі деп білем!