Қазнетте қапкарашканың экс-ғашығына деген халықтың қызығушылығы бәсеңсімей тұр. Жанардың жалпақ жұртқа жария қылар жаңалықтары да толастар емес. Хамитованың ендігі қадамы – екінші мәрте тұрмыс құрып, қалыңдық атану!
Жанар 10 жыл отасқан жарымен 2018-дің 26 желтоқсанында ресми түрде ажырасқан. Хамитованың қос ұлы бар. Бірақ экс-ерлі-зайыптылардың ортақ шешімімен, атұстарлар әкесінің қолында қалыпты.
Жанар Хамитова, әнші:
- Жиі кездесіп тұрамыз. Балаларым өйткені таңнан кешке дейін оқуда осы жақта. Менің күйеуім олардың барлық оқуының ақшасын өзі төлейді. Олар түрлі үйірмелерге қатысады. Бұрынғы күйеуім балаларымның барлық талап-тілегін орындауға дайын. Дәл қазір демалуға олар тауға кетті.
Жалғыздықтың жаратқанға ғана жарасатынынын Жанар жақсы біледі. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған бикешті, енді екініші мәрте тұрмыс құру ойы жиі толғандырып жүргенге ұқсайды.
Жанар Хамитова, әнші:
- Жоспарда бар... Бірақ білмеймін. Жігіттердің бәрі сымбатты. Ұсыныстар өте көп. Біз күйеуім екеуміз Түркияның Анталия қаласында жүргенде екі жаққа кеттік қой. Сол жақта қаншама жігіттерден ұсыныс болды десеңізші. Кімді таңдарымды білмей қалдым. Дайынмын!
Қиын кезде Хамитоваға қамқорлық танытқан – Сиви еді! Жүрегі жабырқаулы Жанардың алдағы өміріне Махмудтың қызы да қатты алаңдаулы.
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
- Бәріміз әйел адамымыз ғой. Әйел адамы бір-бірін түсінеді. Әрбір қыз баланың тағдыры тұрмысқа шыққаннан кейін оңай емес. Ол қандай жерге шықса да оңай жол болмайды. Бірақ Жанардың жолы өзгеше. Ол жалғыз тұрмысқа шыққаннан бастап емес, естім бойынша кішкентай кезінен тағдыр жолы оңай болған жоқ.
Бүгінде қазақтың қос қызы сырлас құрбыға айналған. Махмудидің ендігі мақсаты – Хамитованы құтты орнына қондыру!
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
- Мұны тұрмысқа бергенше мен өзім ант беремін. (күледі) Жауаптымын деп, Құдай қаласа. (күледі)
Тағдырдың тауқыметін тартқан Жанарға өмірде қолдау көрсеткен Сиви, өнерде әнші бикешке продюсер ретінде де жәрдемдесіп жүр.