«Өрмекші адам» жарық көргенше, көрермендерге «Анажан» атты отандық фильм жол тартуға әзір. Басты рөлді Әли Оқапов сомдайтын лента, нағыз драма жанрында. Ал талантты әншінің үлкен экрандағы дебьюті сәтті шықты ма?
Әншілікпен қатар актерлық қабілетін де жетілдіріп жүрген Әли Оқапов - тың туындыда радиожүргушінің рөлінде. Арнайы кастингпен киноға келген өнерпаз, картинаны алғашқы көрермендермен бірге тамашалады.
Әли Оқапов, әнші:
- Қызық екен өзіңді екі сағат бойы үлкен экраннан көріп, қарап бақылағаның. Өзімнің ойнағаным 50\50 болды. Кейбір сахналарда дөп түскен сияқтымын. Кейбір сахналарда тағы да бір нұсқаулар енді есіме келді.
Әлидің бірінші толықметрлі фильмдегі таңдауы драмаға түскен. Лента, ауру анасының қамын жейтін қос ағайындының хикаясын суреттейді. Оқаповтың өзі дәл осындай жанр кинонарыққа қажет деп отыр.
Әли Оқапов, әнші:
- Соңғы кезде көптеген сұхбаттарда жиі айтылатын сөздердің бірі ол комедияның көш бастағаны. Және де тек қана комедия ғана комерциялық тұрғыда үздік болғаны және де менің ойымша басқа да жанрлар даму керек.
«Той любой ценой» комедиясымен танылған режиссер Айдын Сахаманның су жаңа картинасында Гүлнар Досматова, Әлидің анасы. Актриса шығармышылығындағы кезекті жобасының сәтті шыққанына сенімді.
Гүлнар Досматова, актриса:
- Менің ойымша дәл осындай оқиғалар жетерлік. Басқа балалар өздерін қалай ұстайды мұндай жағдайда білмеймін. Бірақ біздің елімізде ата-анаға деген құрмет бірінші орында.
Әли Оқаповтың үлкен экрандағы дебьютіне, өнердегі әріптестері оң бағасын беріп отыр.
Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:
- Меніңше көпшілік адамның көңілінен шыққан сияқты. Әрине бірінші рет болғаннан кейін көп адам бір сынмен қарайтын шығар. Бірақ бір ерекше өзінің де мүмкін жаңына жақын
халықтың да жүрегінен орын алар ерекше туынды болған сияқты.
Дәл осы «Анажан» фильмі, мамырдың 9-шы жұлдызынан бастап барлық кинотеатрларда.